Бағдарламалар • 25 Маусым, 2018

Электронды жүйе қағазбастылықтан құтқарады

247 реткөрсетілді

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы ме­ди­циналық ұйымдар науқастарды қағазсыз қабылдауға кө­шеді. Ал науқастарға амбулаториялық карталар мен флюро­гра­­фиялық жазбаларды алып жүрудің қажеті болмайды. Меди­ци­налық қызмет алу үшін тек жеке куәлікті көрсету жеткілікті. Бұл туралы кеше Үкімет үйінің баспасөз алаңында өткен жиында Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді.

Биылғы жылдың 1 қаңта­ры­нан бастап, Қарағанды, Қос­танай, Батыс Қазақстан облыс­та­рындағы емханалар қағазсыз ауру­ханалар қанатқақты жо­ба­сы­на енді. Ал сәуірдің 1-нен бастап бұл жобаға тағы 4 аймақ – Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан обл­ыстары қосылды. Бекітілген жос­пар бойынша Астана мен Алматы қалалары және қалған өңір­лер 1-ші шілдеден бастап нау­қастарды қағасыз қабылдауға көше­ді. Бұл қанатқақты жобаның аясында амбулаториялық карталар жойылмақ.

Белгілі болғандай, келесі жылдан бастап тегін меди­ци­налық көмектің кепілді кө­лемін көр­се­т­етін барлық медициналық ұйым­дар 100 пайыз тек қана ақпараттық жүйелерде жұмыс жүргізбек. Ви­це-министрдің айтуынша, қа­зір­дің өзінде электронды үкімет пен медициналық ақп­а-
раттық жүйелер көмегімен дә­рі­герге онлайн-порталдар ар­қы­лы жазылу, дәрігерді үй­ге ша­қы­ру қызметтерін пайда­ла­нуға бо­лады.

Соңғы көрсеткіш бойынша ел аумағындағы медицина меке­мелеріндегі дәрігерлердің ком­пьютерлік техникамен жаб­дық­та­луы 85,5 пайызды құрайды. Жал­пы, жұмыс орындарының саны − 97 402 болса, оның ішінде − 83 314-і аталған техикалармен жаб­дықталған. Ал аудандардағы емханаларда 100 пайыз интернет іске қосылған болса, бұл көр­сеткіш ауылдық жерлерде 46 пайыз­ды құрап отыр.

Вице-министр О. Әбішев келтірген ақпарат бойынша электронды үкімет порталына тіркелген науқастар мен жүкті әйелдерге жоспарлы тексерілу ту­ралы хабарлама жіберу қарас­тырылған. «Егер электронды үкіметке тіркеліп, e-mail немесе sms түріндегі қызметті таң­­да­саңыз және диспансерлік нау­­қастар тізімінде болсаңыз, жүйе автоматты түрде жоспарлы тексерілу туралы хабарла­ма жіберіп отырады. Бұл ретте жүкті әйелдерді жоспарлы тексеру және жоспарлы түр­де емдеуге жатқызу туралы ха­­бар­­лама да келеді», − деп тү­сін­­дірді ол. Сонымен бірге ви­це-министр қазіргі уақытта «Ауру­ханаға жатқызу бюросы» порталының науқастарға қол­жетімді екенін еске салды. Бюро пор­талында ЖСН арқылы тегін ме­дициналық көмек алу үшін нау­қастың қандай емханада қа­ра­латынын анықтауға болады. Куәліктегі штрих-код арқылы элек­тронды жүйеден жолдама немесе жоспарлы емдеуге жат­қы­зу туралы ақпараттарды да алуға мүмкіндік бар.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Кітапхана – қазына мекені

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайған

Аймақтар • Бүгін, 09:23

Бұқаралық спорт – басты назарда

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Үй гүлдерін өсірушілер клубы

Аймақтар • Бүгін, 09:09

Қобыздың құны

Аймақтар • Бүгін, 09:08

Стюартты сұлатып салды

Спорт • Бүгін, 09:05

Жидебайдағы жылы жүздесулер

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Жетістік формуласы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Сұрап алу – ұрлап алу емес

Қоғам • Бүгін, 08:42

Алыптар жайлы үш үзік сыр

Тарих • Бүгін, 08:35

Қостанайда киік мүсіні орнатылды

Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Ұқсас жаңалықтар