15 Желтоқсан, 2011

Қайраткер жайлы жаңа деректер

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Д.А.Қонаев мұражай үйінің 10 жылдық шыңы» мәдени іс-шарасы өтті. Алқалы жиынға қалалық мәдениет басқармасының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты. Аталмыш іс-шараның бір ерекшелігі, Мадрид Рысбековтің он се­риялық «Д.А.Қонаев мемлекет қай­раткері» атты жаңа фильмінің көрсетілуі еді. Мұнда бұрын-cоңды көпшілік назарына ұсынылмаған жаңа деректер айтылған. Фильмнің екі сериясы көрермен назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Ал жиналғандар қызықтаған «Д.А.Қонаев мұражай-үйінің жетістіктері» атты көрмеде мұражай-үйінің құрылуы негізінде атқарыл­ған іс-шаралар, Д.Қонаевпен бай­ла­ныстыратын бұрын-соңды қой­­ыл­маған жаңа фотосуреттер бар. Кеңесте мұражай-үйінің директо­ры Б.Батталханов он жыл ішінде атқа­рылған іс-шаралар жайында есеп беріп, мұражай қызметкер­­­ле­рі тара­пынан қорғалған ғылыми жұ­мыс­тарға, түрлі байқауларда қол жеткізген жетістіктерге, баспадан және БАҚ беттерінде жарық көрген еңбектерге, фильмдерге тоқталды. Сонымен қатар іс-шара ба­ры­сын­да Димекеңнің әкесімен сый­лас бол­­ған Жетісу өңіріне әйгілі халық ақы­ны Балтағұл Бигелдиев­тің «Замана өтер дөңгеленіп» атты екі томдық кітабының танысты­рылымы өтті. Жиын соңы әнші, домбырашы жастардың концертіне ұласты. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.