15 Желтоқсан, 2011

Түлектердің тәуелсіздікке тартуы

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимна­зиясында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты шара өтті. Шара барысында мектеп түлектерімен кездесу өтіп,  оған 105 жылдық тарихы білім ошағының бұрынғы шәкірттері де қатысты. Олар «Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыппен ұйым­дастырылған көрмеден оқушылардың қолынан шыққан туындыларды тамашалауға мүмкіндік алды.  Ал белгілі ақын Балғынбек Имашев пен мектеп оқушысы Сырым Әуезхановтың, сондай-ақ мектеп түлегі, жас ақын Мейіржан Әлібеков пен мектеп мұғалімі Гаухар Өмірованың айтысы да әсерлі шығып, олар қонақтар мен қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Шараның соңында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Бағдарлама аясында мектеп оқушыларының орындауында «Бақ далам», «Туған жер», «Атамекен», «Батырлар жыры», «Гүлжазира Қазақстан», «Ассалаумағалейкум» әндері шырқалып, «Ерке сылқым» күйі орындалды. Жастардың орындауындағы «Отты» және «Қаражорға» билері де көрерменнің көңілінен шықты. «Егемен-ақпарат».