15 Желтоқсан, 2011

Н.Назарбаев замандастар көзімен: Үш пішіндегі антология

321 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Еліміздің Мем­­­­­лекеттік тә­уел­сіздігінің 20 жыл­дығы қар­са­ңында «Қазақ эн­циклопедиясы» баспа­сынан Қа­зақ­стан Республи­касы Президенті Кеңсесінің бас­тығы, саяси ғы­лымдар докторы, профессор Мах­мұт Қа­сым­беков жетекшілік еткен шығарма­шы­лық топ­тың әзір­ле­уімен «Жү­­­­ректен жеткен жыр­­лар», «Тұлға туралы тол­ғамдар» және «Раз­мышления о Лидере» деп аталатын үш жаңа кітап жарыққа шықты. «Жүректен жеткен жырлар» жинағына Қа­зақ­стан Республи­касы­ның Тұң­ғыш Президенті Нұрсұл­тан Әбіш­ұлы Назарбаевқа арна­лып әр жыл­дары жазылған поэзия жанрын­дағы шығармалар енген және онда белгілі қалам шеберлерінен бастап, әуесқой әде­биет­шілерге дейінгі 150-ден астам автордың туындылары қамтылған. «Тұлға туралы толғамдар» мен «Размышления о Лидере» жинақ­тарына Елбасымыз туралы еліміз­дің басты мерзімді басылым­дары беттерінде әр кездері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген таңдаулы мақалалар мен сұх­баттар енгізілген. Жекелеген материалдар Президент Мұраға­ты­нан алынып, алғаш рет жа­рия­ланып отыр. Аталған кітаптарда әртүрлі жастағы, алуан ұлт пен сан түрлі мамандық өкілдері және бірқатар саяси көзқарастар мен сенім-на­ным иелері әзірлеген қилы саланы қамтитын мақалаларға орын берілген. Олардың қата­рында журналистер, ғалымдар, педагогтар, дәрігерлер, әдебиет­шілер, артистер, суретшілер, сәу­летшілер, дипломаттар, саясаткерлер, кәсіп­керлер, фермерлер, мемлекеттік қызметшілер, пар­тия­лар мен қо­ғамдық бірлестік­тердің жетекшілері, соғыс және еңбек ардагерлері, оқушы жастар өкілдері, яғни іс жүзінде біздің қоғамымыздың әлеуметтік құры­лы­мының барлық спектрі бар. Бұл пікірлердің құндылығы оны айтқан адам­дар­дың осы оқиға­ларды өз көздерімен көріп, көбіне солардың тікелей қатысушылары болып табылатын­дығында дер едік. Тарихи оқиғаларды қалпына келтіруде замандастардың өз аузымен берген, тіпті қысқа әрі атүсті куәліктерінің өзі кейде біткен іс туралы тәптіштей жасалған жүйелеу мен иландыратын баян­дауларға қарағанда әлдеқайда үлкен ақпараттық маңызға ие болып табылатындығы ғылымға жақсы белгілі. Кітаптың мазмұны ілгерілеу хронологиясы бойынша – 1991 жылдың соңынан бүгінгі күнге дейін түзілгенін әрі әр материал­дың республика дамуының белгілі бір кезеңінде қалыптасқан жағдайдың өзіндік бір үндес «кесіндісі» болып табылатынын айта кету керек. Мұның өзі елдің эво­люциясын динамикалы түрде ба­қылауға әрі оның алдында тұрған міндеттердің мәнін және ол міндеттердің қандай жолдармен, қандай әдістермен шешіліп отыр­ғанын ретроспективті түрде қарауға мүмкіндік береді. Оқыр­ман Н.Ә.Назарбаевтың саяси көшбасшылық тарихының төркі­ніне осы арнада зер салуға және беделдің, бүкілхалықтық сенім мен халықаралық танылудың бір күнде ғана келе қоймайтынына, ол Отан игілігі үшін күн сайынғы және қажырлы еңбектің заңды нәтижесі екендігіне көптеген мы­салдардың негізінде көз жеткізуге мүмкіндік алады. Алайда, аталған кітаптардың ең басты құндылығы бір кезде көңіл қалауымен, жүрек әмірімен айтылған бұл үнқосулар Президент туралы сөз деген үлкен ұғым­ға ұласып, онда біздің елі­міздің алуан қырлы бейнесінің – біздің арманымыздың, біздің Тәуел­сіздігіміздің алып полотно­сы шынайы әрі айқын сом­дағандығы болып табылады. Кітаптар көпшілік оқырман қауымға арналған.

«Егемен-ақпарат».