Бұрынғы мен бүгінгі

Жиырма бірінші ғасыр жетістігі жөнінен өмір сүрудің мың-сан түйткілін оңынан шешіп, жан-жақты жарасымды дамуға даңғыл жол ашып жіберген сияқты бір қарағанда. Ой-ниет пен ықылас-пейіл, ұйғарым мен тәуекел секілді сан алуан ұғым-жағдаяттар барысындағы өмір қозғалысының бағытын тап басып тануға қазылық ететін жетекші сала, әлбетте ғылым. 

Егемен Қазақстан
27.06.2018 86

«Болыс болдым мінекиді» ой сарабына салып, салғастырып қарасаң – сол дәуір қазағы портретінің психологиялық дәлдігі жөнінен көркемдік қуаты әлі күнге тәнті ететін кереметінің сыры неде? Ойша тізіп көз алдыңнан өткізе бастаған кезде қатары селдіремеген қалпы арамызда әлі күнге тірі жүргендей тұтас бір галереяның бейнесін елестетіп өтеді. Заматында реніші мен өкпе сызы аралас сезім иектеп, қорыну мен тарынудың өкініші бірден өзегіңе шабатыны жаман. Түн ұйқыңды төрт бөліп, бәрінен құр қалғандай аһ ұрған жағдайлар шынымен де соншалықты маңызды ма? Он тоғызыншы ғасырдың ғақлиясы тақылеттес ой орамдарын тыңдауға кейінгі буын өкілі бейілсіз. Қызмет сатысының дәрежесін кие тұтып, құрметін жасырмай білдіретін мінезді ізгілікке балайтын жұртшылық парқының айнала төңіректен игілігі артып бара жатқаны шамалы қарасаң. Әйтседе бұрынғы мен бүгінгінің айырмашылықтарын барлай шолсаң әдебиет пен өнерге деген құштарлық қазақ бесігіне бөленіп, қазақ әйелінің жүрек үнімен тербетілген кез келген перзент бойынан молынан табылатынын анық аңдайсың. Ұлы ұлт санатындағы жұрттардың жекелеген өкілдерінің руханиятқа деген сергек жанашырлығы әр жайдан аңғарылады. Жасы өзінен көп кіші әйел баласының сезімін «Бейшара жандарды» оқу арқылы оятудан бұрын, шығармаға деген әкесінің зор құрметін баяндайтыны бар. Отбасын құрғаннан кейін тағдыр сынына мойымай төтеп берудің мәнісін адамгершілік қырларын ашу арқылы түсінудің кілтін табудың құпиясы да жеткілікті еді. 

Күні бүгінге дейін мінсіз саналған дүние­лерді ой сарабына салып көрсең – уақыты өтіп кеткен бос кеңістікке айнал­ған бөлек-салақ, артық-ауыс жайларды ұшырататын сияқтысың. Мінеки, осыған басқа тұрғыдан үңіліп, тыңнан астар іздесе өзгеше ой жаңалығы табылатыны кәміл. Жанкешті күш жұмсаған дүниенің өлмес сыры осында жатыр-ау деген ұйғарымға еріксіз келетінің сондықтан. Дүние құбылысынан еш жаңалық аша алмасаң да, өмір өтпелілігін, өлім ақиқатының кезең-кезең сипат-сынына орай қорытынды жасалынатыны бар. Ауыл мен қаланың рухани айырмашылығы аспан мен жердей деп анықтама берсең жазатайым айтып, ұрынып қалғандай көрінетін шығарсың. Баяғыда қойлы ауылдың жылына бір өтетін слеті бүкіл халықтық мерекеге айналатыны көне көздердің жадында. Оған ауылдан ғана емес, қалалардан зиялы қауым топ-тобымен ағылып келіп, арқа-жарқа бастары түйісіп, сағыныштарын басатын. Сонда насай топыр көпшілікті төбеден шолып тұрған атақты ғалымның: «Қайран қазақтарым, кітап оқымасаңдар да, аман-есен болыңдаршы әйтеуір» дегені бір сұмдық көкейіңе тоқылып қалыпты. Кітап оқымауды қандай ойға сидырып айтты екен жарықтық. 

Осы жолдардың иесі пақырыңыздың қазіргі мекен тұрағы – жыр алыбы Жамбыл ауылы. «Тыңда дала Жабылды, тыңда Қас­тек, Қасқелеңнің» тура қақ ортасы. Айнала төңірегің құлаққа ұрған танадай тыныштық құшағында. Ақын туралы ұйымдастырылған телевизиялық бағдарламада сөйлеп болған соң мұражайды өзіңше аралап, бала кезден таныс экспонаттарға шау тарта бастаған көзбен қарайсың. Ақын мұрасын зерттеп, мақала жазған авторлардың қабырғаға ілінген суреттеріне үңілесің. Бір-екеуінің үлкендігі болмаса қатарың, жасы кішілері бар бәрі біз өз орнымызда лайықты тұрмыз дегендей кейіптері қасқайыңқы. Кенет осылардың арасында бейнең жоқ боп шыққанда бойыңды ашу дұшпан керней бас­тайтынын өзің де сезбей қалады екенсің. Жұртшылық назарына тәуір іліккен ақын атамыз туралы кітап жазғанды елемеу не деген сұмдық деп атаңа нәлет өзімшілдік дес бермей кететіні бар емес пе. Сабамызға түсіп барып жан-жағыма қарасам, осы ауылдан шыққан жазушы өмір бойы Жам­был мен ауыл туралы ой толғап келген Орысбай Әбділдаұлының суреті ол қатар­дан орын алмапты. Ол ол ма, Жамбыл туралы іргелі зерттеу жүргізіп, қомақты еңбек жазған Есмағанбет Ысмайыловқа, «Есім­дегілер» деген эссе жанрындағы үздік дүние қалдырған Әбділда Тәжібаевқа, аяқ астынан айтқан өлеңдерін қолма-қол жазып алып, Жамбыл болмысын күнделікке түсірген Ғали Ормановқа деген құрмет өзгеше сезілуі керек емес пе?! 

Бұрынғы мен бүгінгінің арасына дәне­керге жүретін кез келген дүние елеусіз қалса – тірілер өз алар орнын анықтауға тегеуріні жетер-жетпес, әйтеуір бар екенін білдіріп шырылдап бағар. Кейінгілерге ақыл айтып ұйыта алмайсың, өмірлік тәжірбиең кәдеге жарайтын шығар деп баяндасаң томсарған үнсіздікке тап келесің тағы. Бәрін жаратылыстың еркі біледіге ұйғару – ноқта-жүгенін сыпырып тастап, еркіне жібере салған мезетте құйғыта жөнелген жылқының алаңсыз қылығына кейіптес мінездер елесі ғана көз алдыңа келетіні несі екен?.. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Әлемнің 20-дан астам елінің үздік сәулетшілері Қазақстанның елордасында бас қосты

18.07.2018

Дәрен Абаев: «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды

18.07.2018

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

18.07.2018

Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған қазақстандық кім?

18.07.2018

«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығының жеті дүркін лауреаты атанды

18.07.2018

Түркістан облысында алты айда 202,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседі

18.07.2018

Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады

18.07.2018

Сыр өңірінде жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Қазақстандық суретші Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын жеңіп алды

18.07.2018

Әміре ауылындағы той

18.07.2018

Қызылордада АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

18.07.2018

Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді

18.07.2018

Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр

18.07.2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

18.07.2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

18.07.2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

18.07.2018

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты

18.07.2018

Ханшалар киген қасаба

18.07.2018

Степ­ногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу