Аймақтар • 27 Маусым, 2018

Алматыда тегін IT-класы  ашылды

387 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының цифрлық ортаны және IT мамандығын дамытуда халық арасында қолдау тауып және еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап береді. Мұндай тұжырымға жұмыспен қамту орталықтарының мамандары сұранысқа ие мамандардың көш басындағы орынды IT қызметкерлері алатынын екенін ескере отырып жасады.

Алматыда тегін IT-класы  ашылды

Алматыда қала тұрғындарының цифрлы ортадағы бейімділігін арттыру мақсатында тегін IT-класы  ашылды. Бүгінгі күні өмір көрсеткендей  нарық кезеңінде  жоғары мамандандырылған және сапалы жұмыс атқаратын қызметкерлерге тапшы болып отыр. Сол себептен заманауи техникалық тұрғыдан қолдау табудың, цифрлы білім беру ресурстарын дамытудың маңызы зор екені сөзсіз.

«Менің алғашқы мамандығым IT – бағытына байланысты, қазір Қазақстанда цифрландыру жүріп жатқанын ескерсек, бұл аса өзекті мәселе. Цифрландыру және компьютерлік технологиялар заманында программист сияқты ойлау және кез келген іс-әрекеттерді автоматтандыру қабілеттерін білу маңызды», - деді «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Станислав Канкуров.

IT-сыныбы  ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебінің базасында ашылды. Оқуға әртүрлі жастағы ер адамдар мен әйелдер келді.

«Ең бастысы адамның оқуға деген ниеті мен уақыты болу керек. Оқу барысында мен өз ой-өрісімді және кәсіби біліктілігімді арттыратыныма сенімдімін» - деді  курс қатысушы, алматылық Нұрмұхан есімді жігіт.

«Нұр Отан» партиясының  «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында алдағы үш жылда еліміз бойынша тегін 1000 ІТ-сынып ашуды жоспарланып отыр. Бұл жоба бойынша жылына 150 мың бала білім алатын болады. Партияның бұл тың бастамасы аталған мәселенің оң шешілуіне ықпалын тигізетіні сөзсіз.Ертеңгі күні 1000 IT болашаққа  өрілген  мамандық иесі білгір жас болып өмірге жолдама алады. «Нұр Отанның» бұл қолға алып жатқан жарқын бастамасының бірі деп ойлаңыз.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ