Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев Марокконың Қазақстандағы елшісін қабылдады

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абделжалил Саубриді оның өтініші бойынша қабылдады.

Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев Марокконың Қазақстандағы елшісін қабылдады

Төраға Қазақстан Марокконы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдарындағы маңызды әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, Орталық Азиядағы бірден-бір - Астанада елшілік ашу туралы Марокко үкіметінің шешімін Қазақстанда тиісті деңгейде бағалайды. Мароккода да дипломатиялық өкілдіктің құрылуы да алыс емес.

Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясында Марокконың Вице-президент лауазымына сайлануымен құттықтады, бұл бейбітшілікті қолдау мәселелері, климаттың өзгерулері мен терроризммен күрес салаларындағы БҰҰ қызметіне Марокконың үлесін халықаралық қоғамдастықтың мойындауы болып табылады.

Елші БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі сындарлы ынтымақтастық пен Марокко ұстанымдарын қолдауына байланысты Қазақстанға алғысын білдірді.

Парламентаралық ынтымақтастықты талқылай келіп, жүздесушілер байланыстарды одан әрі дамыту және барлық деңгейдегі делегациялар алмасудың қажеттігін атап өтті.

Қ.Тоқаев биыл қазан айында «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбы бойынша Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті Съезіне әзірлік туралы дипломатты жан-жақты хабардар етті. «Қатысушылардың жоғары деңгейі мен ауқымды сипаты талқылауға шығарылатын тақырыптардың маңыздылығын ғана емес, дипломатияның көптарапты орталықтарының бірі ретіндегі Қазақстанның халықаралық беделін де паш етіп отыр», - деді Сенат басшысы.