15 Желтоқсан, 2011

Ауыл дәрігерлерімен тікелей тілдесті

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова 2,5 мыңнан астам ауыл дәрігерлері және медициналық жоо оқытушыларымен, студенттерімен «тікелей режімде» селекторлық кеңес өткізді. Жиында 2011-2015 жылдарға ар­­­­налған «Саламатты Қазақстан» мем­­­лекеттік бағдарламасын іске асы­ру барысы және алдағы жылға арнал­ған негізгі міндеттер талқыланды. Селекторлық жиынға еліміздің барлық өңірінен 2,5 мыңнан астам медицина қызметкерлері, медици­на­лық жоо студенттері, профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Министр өз сөзінде жалпы денсаулық сақтау жүйесінің барлық бағыттары бойынша жақсы динамика байқа­латынын атап өтті. Жиын барысында Саламатты өмір салтын қалыптастыру проб­ле­малары ұлттық орталығының ди­ректоры Ж.Баттақова, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры А.Ақанов, Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры Т.Рақыпбеков саламатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау жүйесіне мамандар дайындау, сон­дай-ақ 2012 жылы алда тұрған міндеттер туралы мәлімдеді. Телемедицинаның арқасында ау­ылдық медицина қызметкерлері тікелей республиканың бас дәрігері – Денсаулық сақтау министрімен тілдесіп, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды. Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау са­ла­сында қол жеткізілген жетістіктер және болашақтағы міндеттер ту­ралы пікір алмасты. Атап айт­қан­да, Солтүстік Қазақстан облысы Мам­лют ауданының педиатры К.Князева, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық ауруханасының аку­шер-гинекологы С.Батырова, Қара­ғанды қаласының №4 қалалық ем­хананың бас дәрігері С.Шайдарова, Семей өңірлік онколо­гия­лық дис­пан­сері­нің бас дәрігері М.Сан­ды­баев, «Жас депутаттар қау­ымдас­ты­ғының» жетекшісі О.Тол­кайлов және т.б. өз ойларын ортаға салды. Бір айта кететін жәйт, Ден­сау­лық сақтау министрлігінің бастама­шы­лығымен еліміздің барлық оқу орындарында ағымдағы жылғы жел­тоқсанның 7-12 аралығында «Ден­саулық апталығы» өтуде. «Денсау­лық сабақтары» балалар мен жас­өспірімдердің денсаулығын сақтау­ға, нығайтуға, аурудың алдын алуға бағытталған.

«Егемен-ақпарат».