ІІД Жол полициясы жеке батальоны 1-ші взводының командирі полиция капитаны Ғазиз Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1978-1988 жылдары Байзақ ауданындағы Түймекент орта мектебінде тәлім алды. 1997 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген ол ІІО қызметін 1992 жылдың мамырынан бастаған еді. Содан бергі ержүрек полицей жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауға 20 жылға жуық өмірін арнаған екен. Қызметін өтеу барысында кәсіби тұрғыдан білікті, білімді және жедел де ұтқыр шешімдерімен ерекшеленген. Осы уақыттар аралығында оның үлгілі еңбегі 25 рет аталып өтсе, оның ішінде 2 және 3-дәрежелі «ІІО мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және облыс әкімінің Мақтау қағазымен марапатталған. Сонымен бірге отбасының тірегі, екі баласының ардақты әкесі болды. Жол полициясының жас қызметкерлер буынына тәлімгерлік етіп, тәжірибесімен де бөлісті.
2011 жылдың 12 қарашасындағы суық хабар – облыс тұрғындарын ғана емес, бүкіл елді дүр сілкіндірді. Өйткені, өзін «жихадтың» жолын ұстаушымын деп санайтын қылмыскер айдың-күннің аманында еш жазығы жоқ жеті адамның, оның ішінде ішкі істер органдарының 3 полицейі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 қызметкерін мерт қылып және үш қоғам сақшысының денесіне жарақат салып, өміріне қауіп төндірді. Осы тұла бойды түршіктірер оқиға кезінде тараздық бейбіт тұрғындардың өмірін сақтау үшін қарақшы атқан оқ кеудесін тесіп өткеніне қарамастан, жарылыс жасаған «жихадшыны» денесімен жапқан жол полициясының капитаны Ғазиз Байтасов ерлікпен қаза тапты.
Ер ел үшін туады және ел үшін басын бәйгеге тігеді. Қарулы қылмыскерді құрықтау барысында Ғ.Байтасовтан басқа мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жедел денқою взводының қызметкерлері, полиция аға сержанты Полат Қойшыбайұлы Аянқұлов пен полиция сержанты Жақсыбек Апрелбекұлы Байсейітов те ерлікпен қаза тапты. Олар өмірлерінің соңғы сәті соққанша ел алдындағы антын адал орындап, ерлікпен көз жұмды.
Ешкім де ерлікті батыр болам, тарихта қалам деп, есеппен жасамайды. Нағыз адал азамат ел тыныштығына, бейбіт адамдар өміріне қауіп төнген сәтте тәуекелге бас тігеді. Мұндай сәтте ердің ері, тіпті, аранын ашқан ажалға да тайсалмай қарсы тұрады. Елбасы Жарлығымен марапатталған батыр полицейлер, міне, осындай нағыз ерлер. Олар артында қалған қалың елі мен аяулы жарлары, сүйікті балалары үшін ешқашан ұмытылмас мәңгі ерлік жасады.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
Жамбыл облысы.
Суретте: Жамбыл облыстық ІІД Жол полициясы жеке батальоны 1-ші взводының командирі, полиция капитаны, марқұм Ғазиз Байтасов.

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27