15 Желтоқсан, 2011

«Руханият» және Коммунистік халық партиялары тіркелді

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссия­сының отырысында Комиссия «Руханият» партиясының және Қазақстанның Коммунистік халық партиясының партиялық тізімдерін тіркеді. Отырыста сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия­сы­ның партиялық тізімінен екі кан­дидатты олардың Конституция мен сайлау туралы заң қоятын та­лап­­тарға сәйкес келмейтіні анық­та­луына байланысты және тағы бір кандидатты оның мәслихат сай­ла­у­ына кандидат ретінде сай­ысқа тү­су ниетіне орай шығарып тастады. Комиссия төрағасы Қу­ан­дық Тұр­ғанқұловтың хабардар еткеніндей, жалпы алғанда, Ортсайлауком 8 партияның 386 кандидаттан тұра­тын партиялық тізімдерін тіркеді. Бір депутаттық мандатқа шамамен 4 адам бәсе­ке­леседі. Тіркелген кан­дидаттардың арасында 12 ұлттың өкілі бар. Үміт­керлердің орташа жасы – 54 жас. Кандидаттардың 21 пайызын әйелдер құрайды. Үміткерлердің 99 пайызы жо­ғары білімді. Олардың 35 пайы­зы­ның заңгерлік немесе эконо­ми­калық білімі бар, 30 пайызға жу­ы­ғы халық шаруашылығының түр­лі салаларының мамандары бо­лып табылады. Тіркелген канди­дат­тардың 13 пайызы төртінші ша­қырылған Парламенттің депу­таттары. Төрттен бірі коммер­ция­лық құрылымдардың қызметкер­лері, ал 12 пайызға жуығы мемлекеттік органдар мен мекемелерде, тағы 16 пайыздайы ғылым, мәде­ниет және білім саласында жұ­мыс істейді. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, 14 жел­тоқсанда Ортсайлауком шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым­дардың тағы 16 байқаушысын тіркеді. Қазіргі сәтке дейін барлығы 47 халықаралық байқаушы аккредиттелген, олардың 46-сы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының және біреуі ТМД байқаушылар миссиясының құрамына кіреді. 14 желтоқсанда мәслихаттар де­путаттығына кандидаттар ұсы­ну аяқталды. Қазіргі уақытта мәс­ли­хаттар депутаттығына 8335 кан­ди­дат ұсынылған. Олардың іш­інде облыстық, Астана мен Алматы қа­­лалық мәслихаттарға – 1392, аудандық мәслихаттарына – 5339, қалалық мәслихаттарға 1604 кандидат бар. Кешегі күнге дейін мәслихаттар депутаттығына 5066 кандидат тіркелген. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.