Қазақстан • 28 Маусым, 2018

ҚРКФ әлеуметтік серіктестерімен бірге республикалық акцияны бастады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен әлеуметтік әріптестері - «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер конфедерациясымен бірлескен «Еңбекті қорғаудағы профилактика мәдениетін бірге арттырамыз» республикалық акциясы бастау алды.

ҚРКФ әлеуметтік серіктестерімен бірге республикалық акцияны бастады

Брифингте қойылған журналистердің сұрақтарына ҚРКФ Әлеуметтік-экономикалық мәселелер және әлеуметтік әріптестік жөніндегі комитет төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, «Атамекен» ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов, ҚР Жұмыс берушілер конфедерациясының атқарушы директоры Валентина Бреусова жауап берді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2018 жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп хабарлады. Бұл бастама еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған.

«Еңбекті қорғаудағы профилактика мәдениетін бірге арттырамыз» республикалық акциясының мақсаты еңбекті қорғау шарттарына, өндірісте төтенше жағдайлардың алдын алу, жұмыс берушілердің жұмысшыларға лайықты және қауіпсіз еңбек шарттарын қалыптастыруға мүдделі болуы, ұжымдық әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, еңбекті қорғау мәселелеріне жұмысшылардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мәселелеріне көпшіліктің назарын аудару болып табылады.   

Әлеуметтік серіктестермен акцияның қорытындысын шығару 2019 жылғы желтоқсанға жоспарлануда.