Қазақстан • 29 Маусым, 2018

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

908 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясында «Еңбекті қорғаудағы профилактика мәдениетін бірге арттырамыз» атты республикалық акциясы туралы баспасөз мәслихаты өтті. Федерация аталған бастаманы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Жұмыс берушілер конфедерациясымен бірлесе өткізуде.

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Шараға Кәсіподақтар фе­де­рациясының Әлеуметтік-экономикалық мәселелері және әлеуметтік әріптестік жөнін­­дегі комитет төрағасы Саты­балды Дәулеталин, «Атамеке­н» ұлт­тық кәсіпкерлер палата­сы­­н­ың Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптес­тік коми­тетінің төрағасы Талғат Доскенов және Жұмыс берушілер конфе­дерация­сының атқарушы директоры Вален­тина Бреусова қаты­сып, акция туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Акцияның негізгі мақсаты – еңбекті қорғау шарттарына, өндірісте төтенше жағ­дайлардың алдын алу, жұмыс берушілердің жұмысшыларға лайықты және қауіпсіз еңбек шарттарын қалыптастыруға мүдделі болуы, ұжымдық әлеу­меттік жауапкершілікті дамыту, еңбекті қорғау мәселе­леріне жұмысшылардың кеңі­нен қатысуын қамтамасыз ету, көпшіліктің назарын аудару. 

Халықаралық деректер ұйымының ресми мәліметі бо­­йынша, әлемде күн сайын алты мың­нан астам адам өндірісте қайтыс болады. Ал жастардың арасындағы жазатайым оқиға, ересектерге қарағанда 40 па­йызға көп. 

Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, елімізде өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны жыл сайын азайып келе жатыр. «2018 жылдың алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша 579 жазатайым оқиға тіркеліп, 70 адам қайтыс бол­ған. Бірақ өткен жылмен са­лы­стырғанда азайып келе жатыр. Жазатайым оқиғалардың ба­сым бөлігі металлургия, құ­ры­лыс саласында болады», дейді ол.

Сондай-ақ Республикалық Кәсіподақтар федерациясында биылғы жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялады. Бұл бас­тама еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды күшей­туге бағытталған. Әлеу­мет­­тік серіктестермен қолға алын­ған акцияның қорытын­ды­сын шығару келесі жыл­дың жел­тоқ­сан айына жоспарланған.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»