15 Желтоқсан, 2011

Мәжілісте марапаттау өтті

427 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лісінде ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерей­той­ы­на арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлады Мә­жілістің баспасөз қызметі. Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қыз­мет­тегі еңбегі, елдің әлеумет­тік-эконо­ми­калық және мәдени дамуына, халықтар арасын­да­ғы достық пен ынтымақ­тас­тықты нығай­ту­ға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісі  төртінші шақы­ры­лымының  бір­қатар депутат­та­рына  жоға­ры отандық награ­даларды Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев тапсырды. Ол парламентшілерге: «Өте қысқа мерзімде еліміз ғасырға татырлық жолдан өтті. Ел­ба­сы­мыз Қазақстанды әлемге таныт­ты. Қазақстан халқы осы­нау 20 жылда жоғары ең­бек үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысы­ның жанына тығыз топтасты. Оның үлкен мақсаты мен өршіл мұратын жүзеге асы­ру жолында жұртымыз жан­қиярлықпен, жа­сампаз­дық­пен еңбек етті. Сіздер де Елбасымызбен бірге осы­нау ұлан-ғайыр іске өз үлестеріңізді қостыңыздар. Мәжіліс төрт жарым жылдың ішінде 525 заң жобасын қабылдап, Сенатқа жол­дады, оның ішінде 493 заңға Президент қол қойды. Қол қойылған заңдардың бір парасы әлем экономикасы дағ­дарысқа ұшыраған кезеңдегі қиын жағдайдан шығуға үлкен ықпал етті. Депутаттар эконо­ми­камыз­ға қажетті заңдарды дер кезінде қабылдап, Үкі­мет­тің дағдарысқа қарсы пәрменді шаралар қол­да­нуына мүмкіндік жасады. Қа­былданған заң жобалары ішінде еліміздің ішкі-сыртқы саясатына байланысты аса маңызды, стра­тегиялық мәні зор құжаттар да бар.  Мәселен, былтырғы жылы ғана сіздер Кеден одағына қа­тысты 30-дан астам заң жобасын бір айдың ішінде, шұғыл түрде қабылдадыңыздар. Тәуелсіздігі­мі­здің 20 жылдық мерекесіне осындай толайым табыстармен келіп отырсыздар», – деді. Содан кейін Мемлекеттік хатшы Гүлжан Қарағұсоваға  II дәрежелі «Барыс» орденін, Сейітсұлтан Әйімбетов, Зағипа Балиева, Виктор Киянский, Дауылбай Құсайынов, Ромин Мәдинов, Уәли Құрманғалиға «Парасат» орденін, Владимир Бобровқа ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Сонымен қатар, Майра Айсина, Жақып Асанов, Светлана Бычкова, Уәлихан Қалижанов, Уә­лихан Қоңырбаев, Шавхат Өте­місов, Айгүл Соловьеваға «Құр­­мет» орденімен қоса, «Қа­зақстан Республикасының Тәу­ел­сіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды. Қ.Саудабаев Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мәжілісі  төртінші шақырылымының  бір­қатар депутаттарына да «Қа­зақ­стан Республикасының Тәуел­сіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалін табыстады. Мемлекеттік хатшы Мәжіліс Аппаратының бөлім мең­ге­ру­ші­сі Нәркес Тілеухан мен  Мәжіліс Аппараты бөлім меңгерушісінің орынбасары Сәтбек Шалбаевқа «Құрмет» орденін, Мәжіліс Аппараты басшысының орын­басары Арай Оразовқа «Ерен еңбегі үшін» медалін, Мәжіліс Аппаратының бөлім мең­геру­шісі Патима Қиясбаеваға Қа­зақ­стан Республикасының Құрмет грамотасын және  Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Мәжі­лісі  Аппаратының басшысы Ерген Дошаевқа «Қазақстан Рес­публикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалін тапсыр­ды.

*    *    *

Сондай-ақ,  Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті  Мәжі­лісінің Аппарат басшысы Ерген Дошаев  палата қызметкерлерін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, сал­та­натты жиналыс өткізді. Бір­қа­тар Парламент қызметкерлерін мерекелік медальмен марапаттап, Аппарат қызметкерлерінің бір тобына мемлекеттік тұрғын үйден  бөлінген пәтерлердің құ­жаттарын тапсырды. Сонымен қатар, Мәжілістің қызметін қамтамасыз етуге қосқан үлесі мен белсенді еңбегі үшін Парламент  қызметкерлерінің тағы бірқатарына алғыс жарияланды.