Қазақстан • 30 Маусым, 2018

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ та болуы мүмкін. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы  күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 16 метр секундқа күшейеді.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, кей жерлерде өте аптап ыстық болады.

Алматы облысында, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қатты аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.