Бизнес • 02 Шілде, 2018

Ертең Астанада Қазақстан-Татарстан бизнес-форумы өтеді

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 3 шілде күні  Астана қаласындағы «Mariott» отелінде Қазақстан және Татарстан республикаларының бизнес-форумын өткізеді.

Ертең Астанада Қазақстан-Татарстан бизнес-форумы өтеді

Форум жұмысына ІТ индустрия, машина жасау, авиациялық, химиялық өнеркәсіп және тағыда басқа өнеркәсіп салаларындағы Қазақстан және Татарстан бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар қызметкерлері қатысады.

Іс-шара екі ел арасындағы экспорт мүмкіндіктерін арттырып, экономиканың түрлі саласын дамытуға үлес қоспақ.