Қазақстан • 03 Шілде, 2018

«Нұр Отан» партиясы қайта жаңғыртылған Nur Otan Talks жобасын өткізді

474 реткөрсетілді

«Нұр Отан» партиясының қайта жаңғыртылған Nur Otan Talks жобасы аясында елордамыздың белгілі бір белестерді бағындырған тұрғындары бас қосты. «Астана: асқақ арман» деген тақырыппен өткен іс-шара бас қаламыздың 20 жылдық мерейлі мерекесіне арналды. Онда қатысушылар өздерінің жетістікке қалай жеткені жайында кеңінен айтып берді. 

Онлайн режімде сөз алған спикерлер Астананың қалыптасу кезеңіне, оның тарихы мен даму бағыттарына тоқталып, өздерінің жеңістерін бас қаланың жемісті жылдарымен байланыстыратындарын жеткізді.

Партия Саяси кеңесінің соң­ғы отырысында Елбасы, партия Төрағасы жаңа партиялық жоба­­лар мен жұмыс бағытын мақұл­­дап, нақты тапсырмалар берген болатын. Бұған дейін де Мем­лекет басшысының партия қызметін жаңғырту жөнінде тиісті мақсат-міндеттерді айқын­дап бергені белгілі. Nur Otan Talks еркін пікірталас алаңы соның аясында қолға алынып, қайта жа­ңғыртылған жобалардың бірі.

Іс-шараны ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия қызметіндегі түбегейлі өзгерістерге осындай тың бас­тамалар айқын дәлел екенін айтты. Оның айтуынша, соңғы айларда партиялық жаңғыру аясында Елбасының тапсырмасымен жаңа 22 жоба қолға алынып, оларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

– Жалпы, біз бүгінде партия­ның жұмысын қазіргі заманға бейімдеп, заманауи үрдістерді ескеріп, жұмысы­мызды жаңа қарқынмен, тың серпіліспен жүргізуге үлкен басымдық беріп отырмыз. Сондай-ақ партияның ашықтығын қамтамасыз ету үшін ақпараттық кеңістіктің аясын кеңейтіп, жаңа технологиялар мен мүмкіндіктерді молынан пайдалануды қолға алдық. Одан бөлек, осы бағытта бірқатар жаңа жобаларымыз да бар. Олардың бірі Nur Otan Trends жобасы білікті сарапшылар бас қосып, қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік мәсе­лелерді талқылап, олардың шешу жолдарын қарастыратын алаңға айналды. Сонымен қатар Nur Otan Talks атты жобамызды да қайта жаңғыртып, оны жаңа екпінмен жүргізуді бас­тап отырмыз. Бұл жобаның негізгі мақсаты – қоғамда дұрыс құндылықтар­ды қалыптастыруға партия тарапынан үлес қосу, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар М.Әшім­баев барша қатысушы­ларды елордамыздың 20 жыл­ды­ғымен құттықтап, оның бүкіл қазақстандықтар үшін үлкен мереке екеніне назар аударды. Расында Астана – тәуел­сіздік жылдарындағы ең бас­ты жеңісіміз және жетісті­гіміз. Бас қаламыз тек әсем ғимарат­тарымен ғана емес, сондай-ақ бәсекеге қабілетті халқымен де ерекше.

Шын мәнінде, елордамыз талай жанның биіктерді ба­ғын­дырып, армандарына қол жеткізуінде үлкен рөл атқарғаны сөзсіз. Сондықтан мұнда сондай жандар, атап айтқанда, тарихшы, саясаттанушы, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы­ның жетекшісі Берік Әбдіғали­ұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының же­тек­ші солисі Мәдина Басбаева, «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры­ның негізін қалаушылардың бірі Динара Закиева және даңқты шахматшы, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов жетістік пен жеңіс жолындағы өздерінің тарихын айтып берді.

Шара соңында «ашық микрофон» айдары бойынша қа­тысушылар спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.

Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар