Суретті түсірген Ораз Саяхат
Өткен жылы облыс орталығындағы саяжайларда 157 құқық-бұзушылық орын алыпты. Сондықтан, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қазір атты полиция жасағы 3 аусым бойынша күндізгі, кешкі, түскі уақыттарда саяжайларды бақылайды. Атты полицейлер белгіленген бағыттарда екі-екіден жүреді. Қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің хабарынша, алдағы уақытта аттар саны 70-ке жетіп, полицейлер қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан саяжайлармен қатар Ертіс жағалауындағы тыныштықты қадағалайды. Атты полицейлер маусым мен қазан айларының аралығында қызмет атқарады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар