Қазақстан • 06 Шілде, 2018

Татарстанмен ықпалдастық артып келеді

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3-5 шілде күндері Татарстан Президенті Рустам Минниханов жұмыс сапарымен Қазақстанда болды. Осы жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Татарстанның 200-ден астам іскер топтары өкілдерінің бизнес-форумы өткізілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Татарстанмен ықпалдастық артып келеді

Бизнес-форумда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин екі ел арасындағы тауар айналымының әлеуетін АҚШ-тың 1 миллиард долларына жеткізу мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. «Мемлекет басшысы Татарстанға биылғы маусым айындағы сапары барысында осындай тапсырма берді», деді А.Мамин.

 2017 жылы Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда айналымы 700 млн АҚШ долларына жуықтады. Бұл 2016 жылмен са­лыс­тырғанда 1,7 есеге (425,3 млн АҚШ доллары) көп.

Форум аясында ынты­мақ­тастықтың мұнай химиясы, машина жасау, қорғаныс өнеркәсібі, көлік, инновация салаларындағы болашағы талқыланды. Бизнес-форум қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың Жол картасын жасақтауға келісті. 

Оның сыртында, Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазан федералдық университеті, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Татарстан сау­да-өнеркәсіп палатасы, «As­tana Hub» ІТ стартап халықара­лық технопаркі мен «ІТ-парк» жоғары технология­лар сала­сын­дағы технопаркі, «Семей автоқұ­растыру зауыты» ЖШС мен «РариТЭК жөндеу-механи­ка­лық зауыты» ААҚ арасында ын­тымақтастық туралы құжаттарға қол қойылған болатын.

Татарстан Президенті Аста­наға жұмыс сапары барысында «Астана» халықаралық қаржы ор­талығы мен Ислам қаржы ұйымы саммитіне қатысты.

Соңғы жаңалықтар