Президент • 06 Шілде, 2018

Орталық Азия елдерінің басшылары «Астана» ХҚО-мен танысты

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің басшыларымен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығын таныстыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Орталық Азия елдерінің басшылары «Астана» ХҚО-мен танысты

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына арналған цифрландыру көрмесін аралап көрді.

Қазақстан Президенті инновациялық қаржы технологияларын дамытуды көздейтін тиімді ортаны қалыптастыру «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің бірден-бір маңызды бағыты екенін айтты.

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысушылар үшін Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің капиталы қолжетімді болады. Қаржы орталығында посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ, бұрын-соңды болмаған жағдайлар жасалды. Кеше ғана біз салтанатты жағдайда заманауи жоғары технологиялы инфрақұрылымы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының жұмысын бастадық. Бүгінде оның қызметіне америкалық НАСДАК биржасы және Шанхай қор биржасы қатысып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше