Аймақтар • 09 Шілде, 2018

Мәжіліс депутаттары Павлодар облысына келді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстағы жұмыс сапарларын Мейрам Пішембаев, Альберт Рау, Александр Суслов, Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова, Анар Жайылғановалар бірқатар өндіріс орындарын аралаудан бастады.

Мәжіліс депутаттары Павлодар облысына келді

«Промресурс-kz» ЖШС құбыр шығаратын зауытта болып, өндіріс барысымен танысты. Депутат Мейрам Пішембаев зауыт  жұмысшыларымен кездесу барысында қазіргі кезде машина жасау өндірісін қолдау жоспары әзірленіп жатқанын айтып берді. 
Сонымен бірге, депутаттар «Эко Пром» ЖШС, «Ритам-Павлодар» ЖШС және «Агромир» ЖШС кәсіпорындарына барды. Мысалы,  «Агромир» ЖШС импортты алмастыру ісіне үлес қосуда.

– Бұл кәсіпорында шығарылатын өнім автомобиль, мұнай-химия, тау-кен өндірістерінде сұранысқа ие. Шетелден әкелінетін өнім көлемін азайтатын мұндай кәсіпорындар бар екендігі қуантады,-деді М. Пішембаев. 

Осы күні депутаттар С. Торайғырова атындағы мемлкеттік университетте болып, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Цифрландыру бағытында жұмыс жасайтын №122 балалар бақша-гимназиясының жұмысымен танысты. 

Сонымен бірге мәжілісмендер  облыс  орталығындағы «BB NURA» нефрология мен эфференттік терапиясы медициналық орталығы мен №2 емхананың қызметімен танысты. Орталық мен емхана мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қызмет етуде. 

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР
Суретті түсірген: Айбек Жұматов