Қазақстан • 10 Шілде, 2018

Астанада «Азияның медиа диалогі» жобасы аясында ауқымды іс-шаралар өтеді

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың 20 жылдық мерекесіне орай 2018 жылдың 10-12 шілдесінде Астана қаласында «Азияның медиа диалогі» жобасы аясында кең ауқымды іс-шаралар, семинар-конференциялар, сонымен қатар Азия радиосының ән фестивалі өтеді. Жоба ұйымдастырушылары – Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы және «Қазмедиа» орталығы.

Астанада «Азияның медиа диалогі» жобасы аясында ауқымды іс-шаралар өтеді

«Бұл іс-шарада бірнеше семинар мен конференциялар өтеді. Талқыланатын бас­ты тақырыптарының бірі теле­ра­­дио­хабар тарату саласын заманға сай дамыту болмақ. Форумға Азия-Тынық мұхи­ты ел­дерінің ұлттық және ай­мақтық хабар тарату бірлестік­тері­нің 100-ден аса өкілі қаты­сады. Телевизия мен радионы жоғары технология бойынша әрдайым дамытып отыру қажет екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары да бұл үрдістен қалыс қалмауы керек», деді Ақпарат және коммуникация­лар министрі Дәурен Абаев. 

Семинарларда медиа сала­сын­дағы жетекшілер үшін радио­жиіліктің қалыптасуы, ауди­торияға және оның зерт­теу құралдарына баға беру, Азия және Еуропа медиа на­ры­ғындағы озық тәжірибелер талқыланады. Одан бөлек Қазақстанда тұң­ғыш рет кең ауқымды салалық конференциялар өткізіліп, ол жерде Азия радиосына қатысты сұрақтар қойылады. Азиядағы және Еуропадағы медиа үшін ортақ мәселелерді талқылау мақсатында «Media-2020» конференциясы қорытынды шарасы өтеді. Модераторлар ретінде Аустралия, Бельгия, Германия, Жапония, Қытай елдерінің жеке және ұлттық телерадио компаниялардың басшылары шақырылады. 

«Аталған ауқымды шараға әлемнің 37 елінен келген 100-ге жуық өкіл қатысады. Жиын аясында бірнеше маңызды шаралар өткізу жоспарланған. Солардың ішінде «ABU Radio Song Festival» ән фестивалі де бар. Конкурсқа Түркия, Не­пал, Мальдив және Қазақ­стан­ның өнерпаздары қатыса­ды, бұл шара «Қазмедиа орталы­ғы­ның» ки­но-концерт залында өтеді», деді «Қазмедиа орта­лы­ғы­ның» бас директоры Ләззат Жүнісова.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»