Үкімет • 10 Шілде, 2018

Бақытжан Сағынтаев Түркия Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев Түркия Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты

Түркия Президентінің лауазымына Режеп Тайип Ердоғанның кірісу рәсіміне 22 мемлекеттің басшылары, 28 премьер-министр мен парламент спикерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың 6 хатшысы қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтті. Елдің қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған президенттік сайлауда 100% бюллетеньдерді санау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинады — 26,3 млн-нан астам дауыс 52,59%. Парламенттік сайлауда Ердоған басқаратын Әділдік және даму партиясы ең көп дауыс жинады. Жалпыұлттық дауыс беру елдегі мемлекеттік басқару формасын өзгертті, Түркия парламенттіктен президенттік республикаға айналды.

2017 ж. Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28% өсіп, $1,876 млрд құрады, ал экспорт — $1,146 млрд тең болды. Осы жылдың қаңтар-наурыз аралығында тауар айналымы $412,9 млн құрады.