Аймақтар • 11 Шілде, 2018

Ақтоғай ауданына жаңа басшы тағайындалды

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаршыға Арынов бұған дейін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Облыс әкімі Болат Бақауов  аудан активіне жаңа басшыны таныстырды. Қаршыға Арыновтың кандидатурасы Президент әкімшілігімен және аудан мәслихатымен келісілген.

Ақтоғай ауданына жаңа басшы тағайындалды

Қаршыға Зарықханұлы мемлекеттік қызмет саласында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Әр жылдары Ақсу қаласының құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, коммуналдық меншік және қаржы бөлімдерін басқарған.

- Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту қажет. Суармалы егістіктердің көлемін арттыру міндеті тұр. Суармалы шаруашылықпен айналысатын кәсіпкерлерді табу қажет, - деді облыс әкімі.

Болат Бақауов жаңа әкімге шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды, оңтүстік өңірлерден тұрғындарды көшіріп әкеліп, оларға тиісті жағдай жасауды тапсырды.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР