Елімізде алғаш рет «жасыл» сенбілік өтеді

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде елімізде алғаш рет «жасыл» сенбілік өтеді. Оның ерекшелігі, тазалықшылардың қоқыстарды іріктеп жинайтындығында болып отыр. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Green Heroes» атты халықаралық конференцияда айтылды.  

Егемен Қазақстан
12.07.2018 5056
2

Грузия, Армения, Әзер­бай­жан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолия, Украина, Беларусь, Ресей Федерациясы, сонымен қатар Еуропа елдерінің қоғам қайраткерлері қатысқан келелі кеңес санкцияланбаған полигон­дармен күресу бойынша стра­тегиялық іс-қимыл жоспарын және Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Жасыл» бастамаларын тал­қылауға, сондай-ақ планета­мызды тұрмыстық қалдықтардан тазалауға ниет білдірушілерді бірік­тіру мен тәжірибе алмас­тыруға бағытталды.

Қазақшалағанда «Жасыл қаһарман» деген мағына беретін жиында, сонымен қатар қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу бойынша бірқатар мәселе пысықталып, аймақтарда өтетін «жасыл» сенбілікке жауапты адамдарды бекіту ісі қолға алынды. Алқалы жиынды «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту» коалициясының басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова жүргізді.

«Green Heroes» халық­ара­лық конференциясы биыл 15 қыркүйекте Қазақстанда тұң­ғыш рет өтетін «Әлемдік тазарту күні» акциясына арналып отыр. Шара аясында алдымен акцияның еліміздегі аймақтардағы үйлестірушілері анықталмақ. Конференцияға қатысушы шетелдік қонақтардың айтуынша, бүгінге дейін акцияға 150 мемлекеттен 300 миллионға жуық адам қатысып отыр. Ша­раға қарапайым сенбілік сияқты емес, бүкіл халықты тарту көз­дел­ген. Әр азаматтың өз ауласын тазар­туы осы акцияға қатысқаны деп білеміз», дейді басқарма
тө­райымы.

Іс-шара негізінен Қазақ­стан­ның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, «Letts do it! Qazaq eli» үкіметтік емес ұйымы, «Lets do it! World» халықаралық қоғамдық қозғалысы, Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы, Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері мен әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорымен бірлесіп өткізіліп отыр.

Қызу талқылауда сөз алған Эстония мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэ бұл әлем елдерінде бұрыннан бар тәжірибе екендігін тілге тиек етті. «Акция 10 жыл бұрын Эстонияда пайда болған. Ал Қазақстанда қоқыстарды іріктеп жинау тек тұрғын үйлердің ауласында ғана қолға алынған. Оның өзі тек Астана қаласында жүзеге асады. «Жасыл» сенбілік бұл игі бастаманың бұқаралық сипат алуына ықпал етеді» деді елші.

Елімізде бүгінгі таңда жиналған қоқыстың 7 пайызы ғана қайта өңделеді. Астанада бірінші рет өткізіліп жатқан «Green Heroes» халықаралық конференциясын ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов айтып өткендей, Еуропаның дамыған кейбір елдерінде қоқысты тіпті шикізат көзі ретінде пайдаланып жатқандығы белгілі. Яғни қоқысты өңдеу технологиясы жоғары дәрежеде жолға қойылған. «Қазақстанда да қоқысты өңдеу тәжірибесі жоқ деуге келмейді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың жақ­сы жүргізіліп жатқанын атап өт­кім келеді. Себебі бүгінде Қазақ­станда жалпы қоқыстың 7 пайызы қайта өңделеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл көрсеткіш 1-2 пайыз ғана болатын. Әрине бұл көлем жылдан-жылға өсіп келе жатқанын айту керек», дейді ол.

Елдос Нұрболұлының айтуынша, елімізде қоқыс өңдейтін компанияларды ынталандыру тетіктері біршама қарастырылған. «Ынталандыру тетіктерінің бірі – заңнамалық тұрғыда және экологиялық кодексте «роб» деген түсінік енгізілген. Арнайы ұйым да жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ұйым қоқысты қайта өңдейтін ұйымдарды қолдауға бағытталған. Яғни 1 кило пластик немесе шыны болсын, болмаса электр құрылғыларды қайта өңдеу болсын, бұл үшін мемлекет тарапынан қаражат берілетіндей тетіктер қарастырылған», деді басқарма төрағасының орынбасары.

Ал «Lets do it! World» халық­аралық қоғамдық қозғалы­сының Шығыс Еуропа және Орта­лық Азиядағы елшісі Юлия Мар­хельдің айтуынша, Украинада аталған тәжірибенің тетігі әлде­қашан іске қосылған. Қазіргі уақытта Қазақстандағы қоқыс по­лигондарына өңделмейтін қал­дықтарды ғана шығару – күн тәртібіндегі маңызды жұ­мыстардың бірі болып отыр. Сарапшының айтуынша, қазірде қалдықтардың барлығын қалдық деп атауға болмайды. Себебі жалпы есеппен 10 пайыз ғана қалдық болып есептеледі. Ал қалған 90 пайызын қайта өңдеу керек. «Біз осы уақытқа дейін арасы 5-6 жылдың ішінде, мәселен Украинада «Жасыл» сенбілікке өз ынта-жігерлерімен шығатындардың санын 1 млн адамға жеткіздік. Мұндай мүмкіндікке Қазақстан да қол жеткізе алады. Осындай конференция ұйымдастыру арқылы тазалық мәселесін шешіп алуға зор мүмкіндік бар. Адам ең алдымен маңайының емес, өзінің басындағы қажетсіз артық ойларды тазартуы керек» дейді шетелдік сарапшы.

Бұл тұрғыда Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауым­дас­тығының басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов өңделетін қоқысты полигондарға кіргізбей, қайта өңдеу турасында өздерінің нақты ұстанымдары бар екенін айтады. «Көзге көрін­бейтін де болар, бірақ қоқыс­ты өңдеу аймақтарда да көптеп жүргізіліп жатқанын атап өт­кім келеді. Бірнеше қалада қал­дық­тарды сұрыптау цехтары ашылған. Яғни цехтарда кез кел­ген қалдықты сұрыптап, қайта өңделетін қоқыстар бөлі­ніп шығады. Бұл қоқыс шикізат ретінде қайта өңдейтін зауыт­тарға жіберіледі. Ал қайта өң­дел­мейтін, мысалы органикалық қоқыстар полигондарға жібе­ріледі. Концепцияға байланысты 2030 жылға дейін Қазақстанда қайта өңделетін қоқыстың мөлшерін 30 пайызға жеткізу жос­парланып отыр», деді Е.Нұрболұлы.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Қ. Бозымбаев «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

22.01.2019

Шағын несие алушылар қосымша 12,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашты

22.01.2019

Дәстүрлі өнер академиясы ашылады

22.01.2019

«Тал бесіктен жер бесікке дейін...»

22.01.2019

Жаңақорғандық кәсіпкер жүгеріден сусын шығаруды қолға алды

22.01.2019

Елбасының гранттар бөлу туралы тапсырмасы толық көлемде орындалды — ҚР БҒМ

22.01.2019

Мемлекеттік көмектің нәтижесін көріп отыр

22.01.2019

Қандастарды қабылдайтын байланыс орталығы ашылады

22.01.2019

Алматыда үстел теннисінен «ТОП-12» турнирі аяқталды

22.01.2019

Жүргізушісіз көліктерге жасалған шабуыл

22.01.2019

Қыраулы қаңтар (фотоэтюд)

22.01.2019

Облыс дәрігерлерінің біліктілігі нығайып келеді

22.01.2019

Сенат комитетінде «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

22.01.2019

Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов

22.01.2019

Азат Перуашев көше, мекеме атауларына Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды

22.01.2019

«Бес әлеуметтік бастама»: салық жүктемесін төмендету 2 млн азаматқа қосымша кіріс алуға жол ашады

22.01.2019

Сегіз спортшымыз Парижде күш сынасады

22.01.2019

Руслан Дәленов: Шағын несие көлемі ұлғаяды

22.01.2019

2018 жылы Қытайдағы бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

22.01.2019

Солтүстік Қазақстан бишілері халықаралық байқауда бас жүлдені олжалады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу