17 Желтоқсан, 2011

Күй анасына арналған кеш

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматыда күй анасы Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына арналған кеш өтті. «Домбыраның әр пернесінің өз мәні бар, домбыра тартқанда оның мән-мазмұнын дұрыс анықтау бірден-бір шартты нәрсе. Домбыра шерткенде оны адамша сөйлетіп, сол арқылы белгілі бір күйдің мағынасын тыңдаушыға толық жеткізу керек» – дейтін Дина Нұрпейісованың күйлерін сағынған өнер сүйер қауым бұл кешке көп жиналды. Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің көр­кем­дік жетекшісі бас дирижер Жалғасбек Бегендіковтің сүйе­мел­деуімен оркестр Дина анамыздың бірнеше күйлерін тамылжыта орын­дап, көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ домбырашы Айгүл Үл­кен­баева орындаған Динаның күйіне Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті Сәуле Жанпейісова шырқаған Мұхит әндеріне де көпшілік риза болды. Кеш соңында Динаның немересі, 75 жастағы Балжан Жұр­ын­байқызы ортаға шығып, осы кешті өткізуге ұйытқы болған Ал­ма­ты қаласы әкімдігі мен көпшілік қауымға, өнер майтал­ман­дарына ақ ниетті алғысын білдірді. Ғалым ҚҰРАШ, журналист.