Әдебиет • 13 Шілде, 2018

Қазақ әдебиеті антологиясы испан тілінде шығады

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мадрид қаласында қазақ әдебиетінің испан тіліндегі антологиясын аудару, басып шығару мен тарату жұмыстарына қатысты келіссөздер аяқталды.

Қазақ әдебиеті антологиясы испан тілінде шығады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Испания мәдениет Министрлігімен стратегиялық серіктестік орнатылып, «Сервантес Институты» жоба кеңесшісі ретінде бекітілді. Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің испан тіліндегі екі антологиясын аудару, басып шығару, тарату жұмыстары үшін «Visor-Libros» баспа үйі таңдалды.

Аталған меморандум испан астанасындағы Қазақстан елшілігінде жасалды. Құжатқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның хатшысы Аида Балаева мен  баспа үйінің Президенті Хесус Гарсиа Санчес қол қойды. Іс-шараға Қазақстанның Испаниядағы елшісі Константин Жигалов пен «Ұлттық аударма бюросының» директоры Рауан Кенжеханұлы қатысты.

«Visor-Libros»  баспасы – шетел әдебиетімен айналысатын  мамандандырылған бірегей баспа. Баспа үйі көп жылдық тәжірибеге ие. Әлемнің ондаған елімен жұмыс жасап, ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттауда өнімді еңбек етіп келеді.

«Visor-Libros» баспасы Испанияда ғана сұранысқа ие болып қоймай, Латын Америка елдері мен Солтүстік Америкадағы испан тілді мемлекеттерде де кеңінен танымал.

Қазақстан мен екі ел арасындағы келісімге сәйкес, қазақ әдебиеті антологиясын тек Испанияда ғана емес, өзге елдерде де тарату-насихаттау жұмыстары көзделген.  Көпшілік білетіндей, испан тілі тек испан елінің ғана емес, сонымен қатар Латын Америкасының 18 елі үшін де ана тілі саналады. Бұл тілде әлемде 600 миллионнан астам адам сөйлейді.