Жандос Асанов 1969 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын бітірген.
2004-2006 жылдары - ҚР СІМ референті, ҚР Пәкістандағы елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Президентінің хаттама қызметінің консультанты, ҚР Премьер-Министрінің хаттама қызметінің жетекшісі - хатшылық меңгерушісінің орынбасары, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің директоры.
2006-2008 жылдары - АӨІСШК хатшылығының атқарушы директоры.
2008-2009 жылдары - ҚР-ның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесші-елшісі. 2009-2012 жылдары - ЕҚЫҰ Минск қаласындағы кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР-ның Бельгиядағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2012-2013 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты аппараты жетекшісінің орынбасары.