Әдебиет • 16 Шілде, 2018

Ашық аспан астындағы кітапхана

377 реткөрсетілді

Көкшетау қалалық орталық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай ашық аспан аясындағы кітапхана ұйымдастырды. Алғашқы күні орталық саябақта салтанатты­ түрде ашылған бұл жоба бір күн­ді ғана қамтыған жоқ. Тұтас­тай онкүндікті қамтып, саялы ағаш­тардың аясында, таза ауа­да балғындарды кітап оқуға тар­тудың, осы орайда, оларды талай танымдық іс-шаралармен қауыштырудың қолдан келген барлық мүмкіндіктері қарас­тырылды. Сөйтіп бұл арада кәдім­гідей балаларға арналған әр­түрлі қызғылықты көркем әде­биеттерден, ойыншық кітап­тардан, мазмұнды эн­цик­­­­лопедиялар мен әсерлі фотоальбомдардан тұратын кітапхана қалыптасты. Кіш­кен­тай балдырғандар осы ара­да үстел ойындарына қаты­сып, түрлі құрастырмалы ойын­шықтарды құрастырып, асфальт үстіне түрлі-түсті суреттер салып, бақытты балалық шақтың алаңсыз әлеміне бойлай түсті.

Бір атап өтуге тұрарлық жайт,­ кітапхананың «Әдебиет әле­­міндегі демалыс» атты ашық аспан аясындағы бұл жобасы осы тектес республикалық шаралардың тізіміне енгізіліп отыр. Біраз балалар мен олар­дың ата-аналары қатысқан онкүндіктің ашылу салтанатына балалар тақырыбына қалам тербеп жүрген ақын-жазушылар Серік Жетпісқалиев, Қайырбай Төреғожа қатысып, өз қолтаңбалары қойылған кітаптарын сыйлады. Сонымен бірге жас өнерпаздар өнер көр­сетіп, қазақ және орыс тілдерінде балалар өлеңдері оқыл­ды, әндер шырқалды.

Бүгінде өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып отыр­ған рухани жаңғыру шаралары жас жеткіншектердің де бойларына кішкентайларынан осы ұғымды сіңіріп, оларды отансүйгіштікке, кітапқұмарлық пен зерделілікке баулуымыз қа­жеттігін алға тартып отыр. Бұл ретте, көбіне өз-өзімен болып, жоғарыда айтқан себептермен айналасынан оқшаулана түскен жас ұрпақты руханияттың сара жолына салуымыз қажет. Осы бағытта өздері өмірге әкелген жобаға бір кісідей жұмылып, он күн бойы балаларға ашық­ аспан астындағы кі­тап­­хана ұйым­дастырған Көк­ше­тау қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітап­хана­сының ұжы­мына ризашылығымыз мол.

 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Көкшетау

Соңғы жаңалықтар

Барлық мәселе ашық айтылды

Аймақтар • Бүгін, 06:56

Тендерді майшелпек көреді

Саясат • Бүгін, 06:55

Туризм – табыс көзі

Парламент • Бүгін, 06:53

Қиырдағы қайырымды қазақ

Қоғам • Бүгін, 06:45

Музыкалық мәдениет – мектептен

Руханият • Бүгін, 06:36

Азияның үздігі атанды

Ауыр атлетика • Бүгін, 06:30

Күніне бір жақсылық жаса!

Руханият • Бүгін, 06:27

Музей қоры толықты

Руханият • Бүгін, 06:23

Өтініштер партия назарында

Аймақтар • Бүгін, 06:20

Жаңа жолда жүз ақау

Қоғам • Бүгін, 06:17

Алматы, 1921 жыл, 8 маусым

Руханият • Бүгін, 06:12

Жаңа энергия блогы іске қосылады

Экономика • Бүгін, 06:00

Қайран, Құмсай!..

Руханият • Бүгін, 05:31

Солтүстік шұғыласы

Руханият • Бүгін, 05:25

Қашқан сарбаз ұсталды

Қазақстан • Бүгін, 05:05

Бақылау барынша күшейтілді

Саясат • Бүгін, 05:05

Жапон иені: кеше және бүгін

Экономика • Бүгін, 05:05

Жолдама үшін жұдырықтасады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 05:00

Ұқсас жаңалықтар