Қазақстан • 16 Шілде, 2018

Астана перзентханасында тағы бір әйел қайтыс болды

1 мин
оқу үшін

Астананың №2 перинаталды орталығында босанған келіншек көз жұмды, деп хабарлайды Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Астана перзентханасында тағы бір әйел қайтыс болды

Жас ананың өлімі 16 шілде күні таңғы сағат 9:25-те тіркелген. Әйелді құтқаруға Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық кардиохирургия орталығының дәрігерлері және «Астана» медициналық университетінің профессорлары жұмылдырылған. 

Жасалған барлық жансақтау шараларына қарамастан ақ халаттылар жас ананың өмірін аман алып қала алмады. Дәрігерлердің айтуынша, дүниеге келген қыз баланың жағдайы қалыпты.

Оқиға бойынша сараптамалық комиссия құрылды. Комиссия өлім себебін анықтайтын болады. 

Айта кетейік, маусым-шілде айларында елордадағы №1 перинаталдық орталықта үш әйел көз жұмған еді. Осыған байланысты аурухана жүкті әйелдерді қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын. Кейін орталық штаттық режімде жұмысын қайта бастады.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:07

Қос шөнжік өмірге келді

Жануарлар • Бүгін, 09:05

Роналдудан қайран болмады...

Футбол • Бүгін, 09:03

Қошкенің құнды қолжазбасы

Тұлға • Бүгін, 08:53

Үш алып жеткізген ой

Таным • Бүгін, 08:50

Азиядан алаулаған жалын

Әдебиет • Бүгін, 08:48