Аймақтар • 17 Шілде, 2018

Жаңаөзенде «Астанаммен мақтанам!» атты дөңгелек үстел өтті

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының құрамындағы «Шаңырақ» БПҰ ұйымдастыруымен «Астанаммен мақтанам!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жаңаөзенде «Астанаммен мақтанам!» атты дөңгелек үстел өтті

Аталған шараға Жаңаөзен қалалық орталық кітапханасының Қызылсай ауылындағы №3 бөлімше меңгерушісі Гүлбаршын Исаева, Қызылсай ауылы әкімдігінің бас маманы Райымбек Сырымов және ауылдың белсенді жастары қатысты. Дөңгелек үстел барысында «Елорданың тарихы», «Астана неден басталды», «Астана - қазақ елінің астанасы» атты тақырыптарда баяндамалар оқылып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

- 6 шілде біздің еліміздегі елеулі күндердің бiрi. Бұл - әсем Астананың туған күні. Астана мерейтойы - еліміздің маңызды жалпыұлттық мейрамы.Астана әлемдік сәулет өнерінің сонғы туындыларының бiрi. Сарыарқаның ортасында сағымдай болған Хан шатыры, Астана-Бәйтерек, Пирамида көгілдір түске боянған сарайлары, музыка әуеніне билеген су бұрқақтары, ЭКСПО ғимараттары және соңғы үлгідегі салынған кеңселер мен көздің жауын алатын тұрғын үйлер - сәулет өнеріндегі үздік туындылардың бірегейі. Осының барлығы санаулы жылдар ішінде бой көтеріп, әлем қоңақтарын таң қалдырады, деді Қызылсай ауылы әкімдігінің бас маманы Р. Сырымов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»