Қазақстан • 18 Шілде, 2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 332 908 жеңіл автокөлік тіркелді. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес маусымымен салыстырғанда 67,9 пайызға көп, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

Үстіміздегі жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктер саны 3828,9 мың бірлікті құрады.

Аталған мерзімде 5565 жол-көлік оқиғалары тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға кем. Жол апаттарынан зардап шеккендер саны - 7800 адам.

Осы жылдың 1 маусымында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен айналысатын сақтандыру ұйымдары 10,1 млрд теңге көлемінде 28 032 төлем жасаған.