Аймақтар • 18 Шілде, 2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды.

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

Күн сәулесін пайдалану өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Әдетте, энергия мол су көздеріне өндіріледі. Ондай ГЭС-ы жоқ жерлер энергияны өзге мемлекеттерден қыруар қаржыға сатып алуға мәжбүр. Ал, жасыл энергия игілігін пайдалану өзгеге кіріптарлықтан құтқарады.

Станция құрылысын жүргізуге инвестор «Номад Солар» серіктестігі ниет білдіріп отыр екен. Осы мақсатқа кенттің шығыс аумағынан 164 гектар жер телімі бөлінген. Күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылып, станция іске қосылғаннан кейін мұнда шамамен 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»