Аймақтар • 18 Шілде, 2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қалалық ауруханасында жаңадан алынған денситометр аппараты буын ауруларын емдеуде жұртшылықтың ықыласына бөленуде.

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

Медицина құралдары ерекше дамыған Оңтүстік Корея елінен әкелінген құрылғы буын-сүйек ауруларымен ауырған науқастарға көмегін тигізіп жатыр.

- Сүйектің тығыз болуы үшін кальций үлкен рөл атқарады. Сол себепті оның сүйектегі мөлшерін ұдайы анықтап отырған абзал. Бұл әсіресе, әйел адамдар үшін аса маңызды. Денситометр аппараты жалпы сүйектің минералды тығыздығын зерттейді. Бұрын рентгеннің көмегіне жүгінетін едік. Оның өзінде тек болжалды қорытынды жасайтынбыз. Қазір тәулігіне 15-ке жуық науқасты аппаратқа түсіріп жатырмыз,-дейді Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігер-ревматологы Гүлназым Қожахмет.

Алдағы уақытта Қызылорда қалалық ауруханасының материалдық базасы жаңа қондырғылармен көбейеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»