Аймақтар • 18 Шілде, 2018

Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді

1417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер бетіндегі тіршілік атаулыны алып табаға салып қуырған шіліңгір шілдеде Қызылордалықтар саяны Қамбаш көлінен тауып жатыр.

Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді

Мұнда жергілікті тұрғындар ғана емес өзге мемлекеттен де келіп, демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді. Ресейден келген саяхатшы Қамбаш көлінің жұрт мақтайтын Түркия жағалауындағы көл суларынан таза екендігін айтып, таңданысын жасыра алмайды. Бүгінде бас жоспар дайындалып, инвесторлар тарту жұмысы жүріп жатыр.

- 494 гектар жер учаскесі Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасынан Арал ауданының меншігіне алынды. Қазіргі күні 150 гектар жерге егжей-тегжейлі жоспарлау жұмысы жасалып, ол жерге коттеджді қалашықтар, басқа да демалыс орындарын саламыз деп жоспарлап отырмыз,-дейді Арал аудандық туризм және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бектемір Жұмағұлов.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»