Жазғы спорт • 19 Шілде, 2018

Волейболдан Азияның клубтық чемпионаты аяқталды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде волейболдан әйелдер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты аяқталды. Өкінішке қарай, айтулы жарыста жерлестеріміздің жолы болмады.

Волейболдан Азияның клубтық чемпионаты аяқталды

Байрақты бәсекеде ел намысын Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы – Өскеменнің «Алтайы» қорғаған еді. Қола медаль үшін өткен тартыста біздің қыздар Қытайдың  «Jiangsu Zenith Steel» клубынан ұтылып, төртінші орында қалып қойды. Былтыр да отандастарымыз дәл осы межеден көрінген еді. Ал бас жүлде үшін талас Таиланд пен Жапониядан келген командалар арасында өрбіді. Бес партияға созылған аса шиеленісті айқас алғашқылардың пайдасына шешіліп, Тай елінен келген «Supreme Chonburi» клубы Азия чемпионы атанды.

Азияның клубтық чемпионатының қорытындысы бойынша таиландтық  Аджчарапорн Конгиёт, қазақстандық Ольга Дробышевская мен Наталья Шаршакова, қытайлық Ванг Ченью мен Ронг Ванкианбай және жапониялық Нанами Хиросе мен Саяка Ивасаки түрлі аталымдар бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»