Әлем • 19 Шілде, 2018

Ауғанстан компаниялары қазақстандық ұн, макарон өнімдеріне қызығушылық танытып отыр

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы Ауғанстан ислам республикасының Кабул қаласындағы KabulStar отелінде Қазақстан мен Ауғанстанның ресми өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы өткізілді деп хабарлады.

Ауғанстан компаниялары қазақстандық ұн, макарон өнімдеріне қызығушылық танытып отыр

Қазақстандық бизнес өкілдері Ауғанстанға тағам, өнімдері, энергетикалық, құрылыс-монтаж бен жөндеу-сервис салаларынан барған. Ауған тарапынан сол бағыттағы 40-тан астам компания қатысты.  

Атап айтқанда, ауған компаниялары қазақстандық өндіріс ішінен ұн, макарон өнімдері, трансформатор және тағы да басқа тауарлардың импортына қызығушылық танытып отыр.  

Сауда-экономикалық миссияның ресми делегациясын Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев, Ауғанстанның ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары мен Энергетика және су ресурстары министрінің орынбасары басқарды.

Бұл шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бойынша министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауғанстан Елшілігі, «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы,  Ауғанстан сауда-өндіріс палатасы мұрындық болды.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»