Президент • 19 Шілде, 2018

Мемлекет басшысы Денис Теннің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты оның отбасына көңіл айтты

279 реткөрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты оның отбасына көңіл айтты.

«Қазақстанның белгілі спортшысы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Юрьевич Теннің қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қазаға байланысты көңіл айтамын.

Денис Тен мәнерлеп сырғанаудың отандық мектебін қалыптастыруға және дамытуға, Қазақстан спортын жоғары деңгейде ілгерілетуге зор үлес қосты. Оның жарқын жетістіктері еліміздің абыройын асқақтатып, жастар арасында спортты дәріптеуге септігін тигізді.

Таланты әлемнің көптеген елдерінде мойындалған Денис даңқты спортшы ғана емес, сондай-ақ бітімі ерекше тұлға, Қазақстанның нағыз патриоты еді.

Денис Юрьевич Теннің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Басты ақпарат (19.02.2020)

Видео • Бүгін, 18:52

Заңгер көп, күзетші жоқ

Қоғам • Бүгін, 17:49

Басылым басшылары - Уәлихан ҚАЛИЖАН (1948)

Басылым басшылары • Бүгін, 16:57

Басылым басшылары - Нұрлан ОРАЗАЛИН (1947)

Басылым басшылары • Бүгін, 15:24

Жақсылық жүрек жылытады

Қазақстан • Бүгін, 15:07

Басылым басшылары - Әбiш КЕКIЛБАЙҰЛЫ (1939-2015)

Басылым басшылары • Бүгін, 15:06

Ерікті жастар еркін форматта пікір алмасты

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 12:05

Ұқсас жаңалықтар