Президент • 20 Шілде, 2018

Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтаулар

557 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астананың 20 жылдық мерейтойына және туған күніне орай шет мемлекеттер мен үкіметтері басшыларынан, өкілетті органдар депутаттарынан, халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік органдардың жетекшілерінен, дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың басшыларынан, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, еңбек ұжымдары мен жұртшылық өкілдерінен көптеген құттықтаулар келіп түсті.

Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтаулар

Мемлекет басшысының аты­на Ресей Федерациясының Пре­зи­­денті В.Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ Прези­денті Д.Трамп, Түркия Респуб­ли­касының Президенті Р.Ердоған, Өзбекстан Рес­публикасының Пре­­зи­денті Ш.Мирзиёев, Тәжік­стан Республикасының Прези­денті Э.Рахмон, Қырғыз Рес­пуб­­ликасының Президенті С.Жээнбеков, Түрікменстан Пре­зиденті Г.Бердімұхамедов, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Украина Президенті П.Порошенко, Әзер­байжан Республикасының Президенті И.Әлиев, Армения Рес­публикасының Президенті А.Саркисян, Грузия Прези­де­нті Г.Маргвелашвили, Мол­дова Республикасының Прези­денті И.Додон, Польша Респуб­ли­касының Президенті А.Дуда, Сербия Рес­пуб­ликасының Пре­зи­денті А.Вучич, Хорватия Респуб­­ли­ка­­­сы­ның Президенті К.Грабар-Китарович, Словения Респуб­ли­­к­­асының Прези­денті Б.Пахор, Болгария Республикасының Пре­зи­денті Р.Радев, Корея Респуб­ли­касының Президенті Мун Чже Ин, Моңғолия Президенті Х.Баттулга, Франция Республикасының Президенті Э.Макрон, Испания Королі VI Фелипе, Иордания Королі ІІ Абдалла, Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифа, Монако Князі ІІ Альбер, Ресей Фе­де­рациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведев, Монако Князьдігінің Премьер-Министрі С.Телль, Армения Республикасының Пре­мьер-Министрі Н.Пашинян, Люк­сембургтің Премьер-Министрі К.Беттель өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшылары жеделхаттарында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, дамуындағы, жас елордамыз – Астананы салудағы, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарды кеңейтудегі, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісін­дегі Мемлекет басшысының жеке үлесіне жоғары баға беріліп, Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы зор беделі аталып өтеді.

Халықаралық және шетелдік ұйым­дар­дың, дипломатиялық миссия­лар­дың басшылары мен өкілдері және шет­елдік саяси қайраткерлер Мемлекет бас­шысының көпжақты ынтымақтастық пен жаһандық тұрақты даму идеясын, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға бағытталған бастамаларды белсенді ілгерілету жөніндегі көпжылғы сындарлы саясатын ерекше атап өткен.

Құттықтау хаттарын жолдағандар қатарында БҰҰ Бас хатшысы А.Гуттериш, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Р.Алимов, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Ю.Хачатуров, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Т.Гремингер, Араб мемле­кет­тері лигасының Бас хатшысы А.Гейт, Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед әл-Исса, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейінов, Түркі тілдес елдер Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы А.Мамаюсупов, Түркі тіл­дес мемлекеттер ынтымақтастық кеңе­сінің Бас хатшысы Р.Гасанов, ТМД атқару комитетінің төрағасы – ат­қа­рушы хатшысы С.Лебедев, ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңе­сінің Бас хатшысы Ю.Осипов, Еура­зия­лық экономикалық комиссиясы алқа­сы­ның төрағасы Т.Саркисян, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің атқарушы дирек­торы Г.Цзяньвэй, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Р.Азеведо, Еуропа одағының комиссары Г.Оттингер, ТМД экономикалық соты­ның төрағасы Л.Каменкова, Ядро­лық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісім ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Л.Зербо, БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) Бас хатшысы М.Китуйи, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл академиясының ректоры М.Кройтнер, БҰҰ Ғарыш кеңістігі мәселелері жөніндегі басқарманың директоры С.Ди Пиппо, Германия экономикасының Шығыс комитетінің төрағасы мен басқарушы директоры В.Бюхеле және М.Хармс, Еуропалық геронтология және гериация қауымдастығының вице-президенті В.Хавинсон, Мемле­кет­аралық авиация комитетінің төр­айымы Т.Анодина, «Словакия-Қазақ­стан» парламентаралық достық тобы­ның жетекшісі П.Марчек, Болгария Рес­публикасының вице-президенті М.Попова, Румыния Парламенті Сена­ты­ның төрағасы К.Попеску-Тари­чану, Румыния Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Ф.Иордаке, Еуропалық парламенттің мүшесі И.Григуле-Петерсе, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Крол, Украинаның Каменский қаласының (бұрынғы Днепродзержинск қаласы) мэрі А.Белоусов, Токио қаласының губернаторы Ю.Коике, Франция Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты П.Кабаре, Бундестаг депутаты М.Грунд, «Горбачев-Фонд» әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер халықаралық қорының пре­зиденті, КСРО-ның бұрынғы пре­зиденті М.Горбачев, Украинаның бұрынғы президенті Л.Кучма, Хорватия Республикасының бұрынғы президенті С.Месич, Германияның бұрынғы канцлері Г.Шредер, «ЛЕВЫЕ» партиясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ГДР-дің бұрынғы премьер-министрі Х.Модров, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы А.Бельянинов, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының төрағасы әрі тең төрағасы П.Бюльбюль Оғлы мен М.Швыдкой және басқа да азаматтар бар.

Мәселен, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш: «Сіздің басшылығыңызбен Ұлы Даланың кіндігінде орналасқан шағын қала Қазақстанның жаңа елордасына айналып, заманауи әрі әлемдік мегаполис ретінде танылды», – деп атап көрсеткен.

Ал, ТМД атқарушы хатшысы С.Лебедев өз жеделхатында: «Бүгінде Астана – заманауи қайталанбас сәу­леті бар, Шығыстың да, Батыстың да мә­дениетін ұштастырған әлемдегі ке­­ре­мет астаналардың біріне айналды. Ол мемлекетті біріктірудің және ұлт­тық идеяның іске асырылуының символы болып саналады. Қазақстан Рес­публикасының елордасы бүгінде ірі халықаралық форумдар, әлемнің жетекші елдері басшыларының кез­де­су­лері, конфессиялық конференциялар, әлеуметтік-мәдени, спорттық және гу­ма­нитарлық іс-шаралар өтетін бүкіл пос­ткеңестік кеңістіктегі орасан зор мегажобаға айналды», – деп жазады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Р.Алимовтің хатында Қазақ­станның халықаралық беделі жә­не оның әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы рөлі айрықша атап өтілген.

«Сіз ұсынған және бүгінде қарқынды түрде іске асып жатқан елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың тиімді моделі Қазақстанды әлемнің озық дамыған елдерінің қатарына қосатыны сөзсіз.

Сіздің өзара құрметке, сенімді диалог пен сындарлы серіктестікке, қазіргі сын-тегеуріндер мен қатерлерге бірге тө­теп беруге негізделген әділет­ті әрі тең­дестірілген әлемдік тәр­тіп­ті қа­лып­тас­тыруға бағытталған бас­та­ма­ла­ры­ңыз­ды дүниежүзілік қоғамдастық жо­ғары бағалайды», – делінген онда.

* * *

Мемлекет және қоғам қайрат­ке­р­лерінің, сондай-ақ шетелдік коммер­ция­лық құрылымдардың өкілдері мен ТМД елдері азаматтарының хаттары мен жеделхаттарында Қазақстан Пре­зидентінің өңірдегі мемлекетаралық бай­­ланыстарды дамытуға, мәдени және экономикалық ынтымақтастықты ны­ғай­туға қосқан зор үлесі атап өтіл­ген. Осындай құттықтауларды Ресей Фе­де­рациясы Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенко, Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Д.Мантуров, Ресей Федерациясы Сыртқы барлау қызметінің директоры С.Нарышкин, Татарстан Республикасының басшысы Р.Минниханов, Башқұртстан Республикасының басшысы Р.Хамитов, Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров, Санкт-Петербург губернаторы Г.Полтавченко, Орынбор облысының губернаторы Ю.Берг, Саратов облы­сының губернаторы В.Радаев, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Курск облысының губернаторы А.Михайлов, Пенза облысының губернаторы И.Белозерцев, Омбы облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы А.Бурков, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Бусыгин, Уфа қалалық округі әкімшілігінің басшысы И.Ялалов, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік думасы Халықаралық істер жөніндегі комитеттің төрағасы Л.Слуцкий, Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты И.Ресин, Татарстан Республикасының тұң­ғыш президенті, Татарстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік кеңес­ші­сі М.Шаймиев, Башқұртстан Респуб­ли­касының тұңғыш президенті, «Урал» қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы М.Рахимов, Ингушетияның тұңғыш президенті, Кеңес Одағының Батыры Р.Аушев, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, Ставрополь өлкесі Думасының төртінші шақырылым депутаты, «СРВ заң агенттігі» ААҚ-тың бас директоры Р.Савичев, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Т.Дусенбаев, кәсіпкер С.Вайншток, мемлекет қайраткері Т.Мансұров, Әзербайжан Республикасының еңбек ардагері С.Гусейнов, Омбы қаласының тұрғыны М.Қайыров, Ресей ғалымдары – Э.Тен, А.Вилипп және А.Смолькин, Финляндия Республикасындағы орталықазиялық «Жұлдыз» қоғамының төрағасы М.Пейпонен және басқа да азаматтар жолдаған.

Сондай-ақ «РТЖ» ААҚ президенті О.Белозеров, «Роснано» АҚ бас директоры А.Чубайс, «ВТБ» банкі басқармасының төрағасы А.Костин, «Access Industries CIS, LLC» компа­ния­сының басшылары Л.Блаватник пен С.Карпухович, «Транснефть» БАҚ ви­це-президенті В.Рушайло, «КамАз» ААҚ бас дирек­торы С.Когогин, «Газ­про­мнефть» БАҚ басқарма төрағасы А.Дюков, «Русснефть» ҰК» БАҚ дирек­торлар кеңесінің төрағасы М.Гуце­риев, «Газпром» БАҚ басқарма төр­аға­сы А.Миллер, «Сбербанк» БАҚ бас­қарма төрағасы Г.Греф, GP Gunter Papenburg AG құрылыс концернінің басшысы Г.Папенбург, «Мабетекс групп» компаниясының жетекшілері Б.Паколли мен А.Паколли, «Арети» халықаралық компаниялар тобының президенті И.Макаров, «Эни СпА» компаниясының атқарушы директоры К.Дескальци, «CNPC» корпорация­сы директорлар кеңесінің төрағасы В.Илинь, «Bombardier» компаниясының басқарма төрағасы П.Бодуан, «Интер РАО ЕЭС» БАҚ басқарма төрағасы Б.Ковальчук және басқа да азаматтар сауда қатынастарын дамытуға және экономиканың түрлі салаларындағы интеграциялық үдерістерді нығайтуға кө­ңіл бөлгені үшін Нұрсұлтан Назар­ба­ев­-
қа ерекше алғыстарын білдір­ген.

Беджет Паколли өз хатында: «Астана – әлемдегі әсем қалалардың бірі. Астана аңсаған арман мен ауқымды жоспар­лар­дың іс жүзінде орындалғанын көр­сетті. Елорда мен бүкіл Қазақстанды дамы­тудағы жетекші рөл Отаны мен барша қазақстандықтардың бақыты, игілігі үшін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан көреген Ұлт көшбасшысына тиесілі екендігі күмәнсіз. Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасын тұрақтылық, бейбітшілік пен даму жолында сенімді түрде бастап келе жатқан көрнекті мемлекет қайраткері», – деп атап өткен.

* * *

Елорданың 20 жылдық мерейтойымен және Қазақстан Президентінің туған күнімен құттықтаған жеделхаттарын Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кирилл, Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз, Қазақстан православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни бас­қ­ар­масының, Ресей мүфтилер Кеңе­сінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний да жолдады.

Қазақстанның Бас мүфтиі өз құттық­тау жеделхатында: «Елбасы мен елорда – егіз ұғым. Тәуелсіз Қазақстан­ның тарихында алтын әріппен жазылған игі бастамаларыңыз әрқашан баянды болғай», – деп атап өткен.

Қазақстан православ шіркеуінің басшысы, Астана мен Қазақстан Митрополиті Александр өз құттық­тау­ында Нұрсұлтан Назарбаевқа: «Аса жау­апты мемлекеттік қызметті атқара оты­рып, Сіз Қазақстанның болашақта тиім­ді дамуы үшін қолайлы жағдай жа­сап келесіз. Өзіңізге тән өнегелілік пен табандылықтың арқасында Сіз ел мүддесін лайықты қорғап, оның әлемдегі беделін арттырдыңыз. Мол саяси тәжірибеңізге негізделген дана парасатыңыз мемлекетіміздегі тұрақ­ты­лықтың кепілі саналады», – деп атап өткен.

* * *

Сонымен қатар Мемлекет басшысына толағай табыс және Елбасының халықаралық саяси, экономикалық және бітімгершілік қызметіне жаңа жетістіктер тілеген құттықтау хаттар мен жеделхаттар «Астана» халықаралық қаржы орталығының, «KEGOС» АҚ-тың, «Теңізшевройл» ЖШС-нің, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың, «Kazzinc Holdings» ЖШС-нің, «Еуразия банкі» АҚ-тың, «MarkArt» ЖШС-нің, «Рысбай и Ко» ЖШС-нің, «Асыл Бала» республикалық қауымдастығының, «Келет» АҚ-тың, «Altyn Tau Company» ЖШС-нің, «Caspian European Club», «Caspian American Club», «Caspian Asian Club» және «Caspian Energy International Media Group», «Caspian Energy Investment Group LLC» компа­ния­лар топтарының ұжымдарынан келіп түс­ті.

«Kazzinc Holdings» ЖШС-і директорлар кеңесінің төрағасы Н.Попович: «Елорданың Астанаға көшірілуі – Сіздің стратегиялық тура есебіңіздің, саяси ерік-жігеріңіздің және ауқымды түрде ойлай білгеніңіздің үлгісі. Қазақстанның бас қаласының салынуы бүкіл посткеңестік кеңістікте ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында жүзеге асырылған ең ауқымды жоба ретінде тарихқа енеді», – деп жазған.

* * *

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Ә.Бектаев Қазақстан Президентінің саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларына қолдау көрсете отырып, еліміздің саяси партияларының көптеген мүшелерінің атынан жылы лебізге толы құттықтауларын жолдады.

«Ақ жол» демократиялық партия­сы­ның төрағасы А.Перуашев өз құттық­тау хатында: «Ширек ғасыр бұрын Қазақстан астанасы Алатау бөкте­рі­нен Сарыарқаның сары даласына көші­ріл­ді. Сіздің көрегендік әрі тарихи шеші­мі­ңіз тәуелсіз Қазақстанның жылнамасына алтын әріптермен жазылған айтулы оқиға болды. Қысқа мерзім ішінде Астана ғажайып қалаға, тәуелсіз мемлекетіміздің алтын ордасына айналды. Оны тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем мойындады. Астана қазақ халқының жетістіктерінің көрсеткіші әрі Сіздің сындарлы саясатыңыздың ар­қасында еркіндік пен бейбітшіліктің сим­­волы бола отырып, қазақстандықтар үшін ұлттық идеяның жарқын көрінісіне айнал­ды. Бұл – барша халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі», – деп атап өт­кен.

Келіп түскен көптеген құттықтау жеделхаттарында Елбасының тәуелсіз Қазақстанды дамыту, елорданы салу ісіндегі еңбегі жоғары бағаланады. Мемлекет басшысына осындай ізгі тілек­терін білдіргендер қатарында Ха­лық Қаһарманы, армия генералы М.Алтынбаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Ж.Үшкемпіров пен А.Мира­зова, Социалистік Еңбек Ері С.Жұма­бекова, Социалистік Еңбек Ері К.Дөнен­баеваның отбасы, Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Президентінің Бейбіт­ші­лік және прогресс мемлекеттік сый­лығының лауреаты С.Жиенбаев, Қазақ­станның халық әртістері Е.Хасанғалиев пен Н.Нүсіпжанов, мемлекет және қоғам қайраткерлері М.Жолдасбеков, Ш.Құлмаханов, Т.Сауранбеков, «Қазақ­стан Жазушылар одағы» рес­пуб­­ликалық қоғамдық бірлестігі бас­қар­масының төр­ағасы Ұ.Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының мү­ше­сі, ақын Р.Бала­биев пен жазушы Ж.Ерғалиев, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Т.Мұ­ха­меджанов, «МИР» МТРК басқар­ма төрағасы Р.Батыршин, «Айғақ» теле­радиокомпаниясының басшысы Д.Әбіш, «Тәуелсіздік Тұғыры.kz» қоғамдық-сая­си журналы бас редакторының міндетін атқарушы Ж.Мұсабай, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі С.Жұмабай, «ТАСС» ақпарат агенттігінің бас директоры С.Михайлов, болгарлық музыканттар А.Симеонов пен Р.Наков және басқа да азаматтар бар.

Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері Т.Мұхамеджанов Елбасына арна­ған құттықтау жеделхатында: «Күрделі де ауыр кезеңдерде, жүзеге асуы мүмкін еместей көрінген шақта, күрмеуі қиын міндеттер мен мәселелерді шешу ісіндегі Сіздің табандылық танытқан әрбір сәтіңіз есімде. Сіз жаһандық жасампаздыққа қол жеткізуде қажымас қайрат пен се­нім­­нің жарқын үлгісін көрсеттіңіз. Міне, бүгін жиырма жыл өткен соң, әлемдегі әдемі әрі заманауи қалалардың біріне айналған Отанымыздың әсем елордасын көріп отырмыз. Халқымыз бен еліміздің болашағы жолында жаса­ған ерен ерлігіңіз үшін Сізге рахмет айтамыз», – деп атап өткен.

Отандық және шетелдік ғылыми қауым өкілдері де Мемлекет басшысына өздерінің жылы лебіздерін арнаған құттықтауларын жолдады. Солардың қатарында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничий, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­си­тетінің ректоры Т.Балықбаев, Қара­ғанды мемлекеттік техникалық уни­вер­ситетінің ректоры М.Ибатов, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б.Жәутіков, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­лекеттік университетінің Қазақстан­дағы филиалының директоры А.Сидо­рович және оның түлектері, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти­ту­тының директоры У.Қалижан, «Кур­ча­тов институты» ғылыми-зерттеу инс­титутының жетекшісі Е.Велихов, Тау-кен ғылымдары академиясының президенті Ю.Малышев, Еуразиялық тау-кен ғылымдары академиясының президенті Н.Рыспанов, М.Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының директоры Н.Айтхожина, «МИСиС» ұлтт­ық ғылыми-зерттеу техникалық уни­вер­ситетінің ректоры А.Черникова, акаде­мик­тер – С.Қирабаев, Ә.Бейсенова, К.Нәрібаев, Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының президенті А.Лиханов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стра­тегиялық зерттеулер институтының, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік фи­лармониясының ұжымы, Семей қа­ласының мемлекеттік медицина уни­вер­ситетінің ұжымы мен студенттері және басқа да азаматтар бар.

Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничий өзінің құттықтау хатында: «Астананы салу және өркен­де­ту – Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шы­лығымен керемет жетістіктерге жет­кен және әлемдік деңгейде мойын­дал­ған жаңа мемлекеттің символы. Қазақстанның еңселі елордасы Астана осы жылдар ішінде елдің жетістіктерін айшықтайтын әрі өзгерістер нышаны саналатын әсем қалаға айналды» – деп атап өткен.

* * *

Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­сының атына «Валерий Гергиев­тің қайырымдылық қоры», «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры», «Казак атамандарының одағы», «Арман» ақпараттық-консалтингтік орталығы», «Тал­дықорған қаласының жүргізушілер ода­ғы», «Көмектес» зағип жандар қоры», Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйы­мы», «Алматы облысы жобалау, жо­балау-іздестіру ұйымдарының ассоциа­циясы» заңды тұлғалар бірлестігі сияқты ТМД және Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының басшылары мен мүшелерінен және басқа да азаматтардан құттықтаулар келді.

* * *

Еліміздің азаматтары да Қазақстан­ның әлеуметтік-экономикалық даму жо­лындағы және Астананы өркендету ісін­дегі Елбасының рөлі мен еңбегін жоғары бағалаған көптеген құттықтау хаттарын жолдады. Кейбір хат иелері Астана мен Мемлекет басшысына өздерінің өлеңдері мен әндерін арнаған. Осындай құттықтау хат жолдағандар: елорда тұрғындары – Н.Бекенова, К.Бұрмағанов, А.Ераман, Д.Есин, Б.Иманалиев, М.Зубайраев, Н.Павленко, Т.Сапаров, Г.Шишов, Рогалевтер отбасы, Алматы қаласының тұрғындары – Г.Әбдікенов, Е.Тегісбаев, Шымкент қала­­сының тұрғындары – М.Байғабылов, Ә.Батыржанов, Б.Дүйсенсахы, Ә.Игілікова, М.Мамбетов, Ақмола облы­сы­­ның тұрғыны – В.Гинаятов, Алматы об­лы­­сының тұрғындары – Буковтар отбасы, К.Алмереков, Ә.Батырбаев, К.Бұрым­баева, Н.Домке, Ш.Ерланұлы, В.Иса­ғұлов, Б.Түймебаева, Батыс Қазақ­стан облысының тұрғыны – Т.Құба­шев, Шығыс Қазақстан облы­сы­ның тұр­ғындары – С.Қалиғожин, А.Қамидол­лақызы, Е.Оразалин, Жамбыл облы­сының тұрғындары – Р.Асылбеков, А.Дүйсенбекова, Мырзахметовтер отбасы, Н.Өменов, Қарағанды облысының тұр­ғыны – В.Мякинкин, Қостанай облы­­сының тұрғындары – А.Крюков, Н.Оль­ченко, Қызылорда облысының тұрғыны – З.Әбілқасымова, Павлодар облы­сының тұрғыны – Д.Ақатаев, Сол­түс­тік Қазақстан облысының тұр­ғын­дары – В.Алексеева, К.Әубәкірова, И.Иван­кина, Түркістан облысының тұр­ғын­­дары – В.Андрюков, А.Қалғанбаев, Б.Қыр­ғы­залиев, С.Көлгінов, А.Мұха­мед­жа­нов, С.Наров, О.Өтенов, К.Пошаев, Т.То­мар­баев және басқа да азаматтар.

Астана тұрғыны Д.Есин құттықтау хатында елорданың Астанаға көшірілуі барша қазақстандықтардың өміріне, соның ішінде өзінің тағдырына елеулі түрде әсер еткенін атап өтті.

Ол: «Бүгінде Астана – әсем қала ғана емес, сондай-ақ ақылды шаһар. Елордада жай­лы тұрмыс үшін барлық жағдай жа­салған. Заманауи құрал-жабдықтың арқа­сында бас қала хирургтері менің балама сәтті ота жасады. Ол қазір толық жазылды.

Білім, мәдениет және спорт сала­ла­рына арналған инфрақұрылым ны­сан­дары толықтай қажетті құрал-жаб­дық­тармен жабдықталған. Бұл елорда тұрғындарының жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.

Президенттің бітімгершілік саяса­ты­ның және Астананың арқасында Қазақстан бүкіл әлемге танылды. Біздің бейбіт әрі өзара келісім жағдайында өмір сүріп жатқанымыз Мемлекет басшысының көрегендік саясатының нәтижесі деп білемін», – деп жазған.

Мемлекет басшысының елімізді өркендету ісіндегі зор үлесін Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптастары мен курс­тастары, сондай-ақ ауылдастары атап өткен. Олардың қатарында С.Исаев, Е.Жүнісбеков, Т.Спаев, Ә.Кәрімов, Ә.Баубекова, Р.Сиразитдинова, Н.Қапал­бе­ков, К.Мұсағұлов, А.Көсемова, З.Елтаев, Б.Сертеков және басқа да азаматтар бар.

* * *

Мемлекет басшысының атына жол­данған көптеген құттықтаулар елі­­міздегі министрліктердің және ве­дом­­стволардың басшыларынан, рес­пуб­ликалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдерінен, депутаттық және дипломатиялық корпус өкіл­де­рінен, ұлттық компаниялар мен бас­қа да мемлекеттік мекемелердің, кәсіп­орын­дар мен ұйымдардың басшыларынан келіп түсті.

* * *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз атына келіп түскен хаттардың барлығымен мұқият танысып шықты және барша хат иелеріне құттықтаулары мен ізгі тілектері үшін алғысын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше