Қазақстан • 20 Шілде, 2018

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бауыржан Айнабеков Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев ұжымға департаменттің жаңа басшысын таныстырды.

Бауыржан Айнабеков 1971 жылы 25 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. 1994 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауылшаруашылық институтын «экономика және АӨК саларындағы басқару» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Алматы үздіксіз білім беру институтында «құқықтану» мамандығы бойынша білім алып, оны 2007 жылы тәмамдаған. 1994 жылдан бері қаржы жүйесінде қызмет атқарып келеді. Салық инспекторынан департамент басшысына дейін көтерілген.