Қазақстан • 20 Шілде, 2018

Сыртқы істер министрі халықаралық ұйым басшыларымен кездесті

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылғы қыркүйек айында өтуі жоспарланған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) 6-шы саммитіне дайындық жұмыстары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен және Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесу өткізді.

Сыртқы істер министрі халықаралық ұйым басшыларымен кездесті

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне шыққан түркі­тілдес ынтымақтастық мәселе­леріне ерекше мән береді. Түрк­ПА – түркітілдес елдер интегра­циясының негізі болып­ табылады және соңғы жыл­­­­дары түркітілдес елдер­дің пар­ламентаралық дип­ло­­м­а­тия­сының халықаралық дең­гейде танылған институты бол­ды», – деді кездесу барысында Қ.Әб­­дірахманов. Министрдің айтуы бойынша, БҰҰ, Еуропа Ке­ңе­сі Парламенттік Ассамблея­сы, ЕҚЫҰ Парламент­тік Ас­сам­блеясы сияқты халықара­лық ұйым­дармен ТүркПА ын­тымақ­тастық орнатуы қажет.

А.Мамаюсупов ТүркПА-ның жұмысы жайлы және ұйымның 10 жылдығын атап өту жоспары туралы хабарлады. Атап айтқанда, ТүркПА басшысы үстіміздегі жылдың күзінде Түр­кияда өтетін Ассамблеяның келесі мерейтойлық пленарлық сессиясына дайындық іс-шара­лары жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеді. «Түркі интеграциясын ілгерілетуге ықпал ету мақсатында Ұйымның хат­шы­лығы ТүркПА-ға мүше елдер­дің заңнамаларын бір қа­лыпқа кел­тіру бойынша бел­сен­ді түр­де жұмыс ат­қару­да. Қазақстан – біздің халық­тары­мызды жа­қын­дастыру идеясын насихат­таудың бастамашысы және осы тұрғыда Астана түркі әлемінің мақтанышы екені айқын», – деді ТүркПА-ның Бас хат­шысы.

Халықаралық Түркі акаде­миясының президентімен кездесу барысында түркітану және жалпы түркі тарихындағы зерттеулерді одан әрі кеңейту мәселелері тал­қыланды.

Д.Қыдырәлі Сыртқы істер министрлігіне академияның қа­лыптасу процесінде зор қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғысын білдіре отырып, институт ТМЫК 6-шы саммитін өткізуге лайықты үлесін қосуға және ғылыми-зерттеу саласында түркітілдес мемлекеттер арасындағы ын­ты­­мақтастықты дамытуды жал­ғастыруға дайын екендігін біл­дірді.

«Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар