Аймақтар • 20 Шілде, 2018

Мектеп түлектері ауылдастарына ойын алаңын сыйға тартты

1223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аягөз ауданының Шыңғожа батыр ауылының осыдан 15 жыл бұрын мектеп бітірген түлектері ауылдастарына ерекше сый жасады. Олар шыңғожалық балаларға құны 2 миллион теңгеден асатын әдемі ойын алаңын тарту етті.

Мектеп түлектері ауылдастарына ойын алаңын сыйға тартты

Аталған елді мекеннің 2003 жылғы түлегі Мадияр Бендебаев ауылдағы орталық көшелердің бірінде орын тепкен ойын алаңында балаларға қажет алтыбақан, әткеншек, сырғанақ секілді дүниелердің барлығы бар екендігін айтады.

«Өзіміз туып-өскен ауылға көмектеспегенде кімге көмектесеміз? Біздің балалық шағымызда жазда суға түсіп, әртүрлі ойындар ойнаушы едік. Қыста ауыл сыртында шаңғы тебетінбіз. Қазіргі балалар телефон мен интернет желілерінде көбірек отырады. Мақсатымыз - жас өркендер таза ауада көп жүріп, уақыттарын мәнді де мағыналы өткізсе дейміз. Сол үшін де осынау ойын алаңын сыйға тартып отырмыз», - дейді ол.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы,

Шыңғожа ауылы