Жазғы спорт • 20 Шілде, 2018

Токио Олимпиадасының бағдарламасы бекітілді

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы Токиода алауы тұтанатын ХХХІІ жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасы бекітілді. Бұл жайында аталмыш жарыстың ресми сайтында толық ақпарат берілді.

Токио Олимпиадасының бағдарламасы бекітілді

Жапонияның астанасында өтетін дүбірлі додада 33 спорт түрі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Жарыс жолына шамамен 205 мемлекеттен келген 12 500 спортшы қатысады деп күтілуде. Ашылу салтанаты 24 шілдеде, ал жабылу рәсімі 9 тамызда өтеді деп жоспарлануда. Токиодағы ойындардың бағдарламасына жаңадан бес спорт түрі қосылып отыр. Олар – бейсбол/софтбол, карате, құзға шығу серфинг, және скейтбординг.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ