Қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Берік Сақбайұлы Арын Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметінен босатылып, Қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
20.07.2018 5486
2

Берік Арын 1969 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филология» мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта, Таяу Шығыс және Африка елдері басқармасының референті, атташесі лауазымынан бастаған.

1996 жылғы желтоқсан айынан 2001 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.

2001 жылғы шілдеден 2002 жылғы наурыз айы аралығында ҚР СІМ Африка екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы болған.

2002 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін — ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім басшысы.

2002 жылғы қыркүйек айынан 2006 жылғы ақпан айы аралығында — Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2006 жылғы ақпан айынан 2007 жылғы маусым аралығында — ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы.

2007 жылғы маусым – 2009 жылғы желтоқсан аралығында — ҚР Парламентінің Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі.

2009 жылғы желтоқсан – 2011 жылғы желтоқсан аралығында — ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.

2011 жылғы желтоқсан – 2016 жылғы қазан айына дейін — ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

2012 жылғы ақпан – 2016 жылғы қазанға дейін — Араб Мемлекеттері Лигасы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі.

2012 жылғы мамырдан 2016 жылғы қазан айына дейін — ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

2015 жылғы сәуірден 2016 жылғы қазан айына дейін — ҚР-ның Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

2016 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі лауазымын атқарды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

16.10.2018

Қаңтар–қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 4,1% жетті — ҰЭМ

16.10.2018

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,8%-ға ұлғайды — ҚР ИДМ

16.10.2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

16.10.2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу