«2018 жылы 20 шілдеде Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 1994 жылы туған Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы ұсталды. Арман Дениске екі жерінен пышақ салған. Қазір ол өзінің қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті Ақсай 2 шағын ауданында көшеден ұсталды», - деді Серік Күдебаев арнайы брифингте.
Бұған дейін қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы бір қарақшы қолға түскен еді. Ол да ұылмысын мойындаған болатын.