Қазақстан • 21 Шілде, 2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Барыс-Арена» сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті.

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

Азаматтық жаназаға мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да өкілдерімен қатар спортшылар, Денистің дос-таныстары келді. Олар жылы естеліктерімен бөлісті.

Қаралы жиынға қатысқан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанның мақтанышынан айырылып қалуымыз бәрімізге сабақ екенін айтты. 

«Бұл күні Денистің жақындарына көңіл айтуға да сөз табу қиын. Бұл үлкен қайғы және барлығымыз үшін сабақ болды. Мұндай қателікке енді жол бермеу керек. Қош бол және бізді кешір, Денис», - деді Д.Абаев.

Денис Тенмен қоштасуға арналған азаматтық жаназа еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр. Ал спортшыны ақтық сапарға аттандыру рәсімі Алматыда өтті.

Соңғы жаңалықтар