18 Желтоқсан, 2011

Жаңаөзенде не болды?

477 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Ел жұртшылығы Жаңаөзендегі бүлікшіл әрекеттерді ашу-ызамен айыптауда Бұрын хабарланғандай, 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қа­ла­сының «Тәуелсіздік» орталық алаңында бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдары қызмет­кер­леріне күш қолдану, төңке­ріс­тер, тонаулар мен жеке және заң­ды тұлғалардың мүлкін өртеумен ұш­тасқан жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Тәртіпсіздіктер, белгілі бол­ған­дай, бұзақы жас жігіттер то­бының, сондай-ақ олардың ықпа­лына берілген Тәуелсіздік күніне арналған алаңдағы мерекелік ша­раларды өт­кізуге белсенді түрде кедергі жаса­ған жұмыстан бо­са­тылған мұнай­шы­лар әрекетте­рінен басталған. 2011 жылғы 16 желтоқсанда са­ғат 11 шамасында бұзақы эле­мент­тер әдепсіз сөздер айтып, қорқы­тып-үркітіп, қаланың, ара­сында көп­теген балалар бар, бейбіт тұрғын­да­рының мерекелік ше­руінің жолын кесуге әрекет жасаған. Осы кезде алаңда бұзақы ниет­тегі 800-ге тарта адам болған, ал қоғамдық тәртіпті небәрі қа­ру­сыз 120 полиция қызметкерлері ғана қам­тамасыз еткен. Қару олар­дың командирінде ғана болған. Мерекелік шараларды қамта­ма­сыз ету мақсатында полиция қыз­мет­керлері алаңның салтанат өтіп жатқан бөлігін қоршауға ал­ған. Бұл ретте бұзақылық топ та­ра­пынан құқық бұзушылық әре­кет­тер мен арандатушылықтың нақ­ты белгілері болғанына қара­мастан, полиция қан­дай да бір мәжбүрлеу шарала­рын қолдан­баған. Дегенмен, жағдай бақылауға ал­ынғанымен, 2011 жылғы 16 жел­тоқ­санда шамамен 11 сағат 40 минутта бұзақылардың ішінен біреуі полиция қызметкерлерінің бол­ғанына қа­­рамастан, олардың қоғамдық тәр­­тіп­ті сақтау туралы заңды талап­тарын елемей, қор­шау­дың жанында мереке үшін жеткізілген азық-тү­лікпен тұрған УАЗ автокөлігін белгісіз затпен соққан. Полиция қызметкерінің құқық бұзушылық әрекеттердің жолын кесу жөніндегі талаптары жанжал ту­дырған, осы жағдайды бұз­ақы­лар бірден пайдаланған. Олар ереуілшілерді таран ретінде қол­данып, полиция қоршауын бұзып өткен. Қор­шауды бұзып, бұза­қы­лар полиция қызметкерлеріне ша­буыл жасаған, жаңажылдық шыр­шаны төңкеріп, мерекеге орай қойылған киіз үйлер мен сахнаны бұзған және полиция автобусын өртеп жіберген. Осылайша туын­даған жаппай тәртіпсіздіктер одан әрі ушықтырылып, олар бейбіт тұрғындарды ұрып-соғып, алаң­ның жанына қойылған автокө­ліктерді қирата бастаған. Нәти­жесінде 6 полиция қызметкері түр­лі дене жарақатын алған, олар­дың біреуі – Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасы басты­ғы­ның орынбасары Әділов қазіргі кезде ес-түссіз жатыр. Шабуылға тап болғанына қа­рамастан, полиция қызметкерлері қақтығыстар мен жазықсыз құр­бандықтарға жол бермеу үшін қару мен арнайы құралдарды қол­данбай, қалалық ішкі істер бас­қармасына қарай жылжып, ауаға оқ атумен шектелген. Осылайша, қақтығысты құқық қорғау органдары арандатты, олар бұзақыларды тәртіпке мәжбүр ету мақсатында қару, түтіндету құты­ларын және басқа да арнайы құ­ралдар қолданды, сондай-ақ полицейлік УАЗ көлігі ереуілге шық­қан мұнайшылар тобына әде­йі барып соқтығысты деген бұқа­ралық ақпарат құралдарында пайда болған ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді және анық жал­ған хабар болып табылады. 12 сағат 35 минутта тәртіп­сіз­дік­тер алаңның сыртына көшкен және 500-ге жуық адам «Өзен­мұнайгаз» компаниясы ғимараты­на шабуыл жасап, оны тонауға ұшыратып, өртеп жіберген. Дәл осындай әрекеттер «Аруана» қо­нақ үйіне қатысты да жасалған. Олар екі ғимараттағы, одан соң әкімдік ғимаратындағы банкомат­тарды тонаған. Бұл ретте бұ­рын­ғы мұнайшылармен қатар, көр­­гендердің айтуларынша, ұшына пышақ орнатылған таяқтармен және жанғыш сұйық қоспасы бар бөтелкелермен қаруланған жастар көбірек белсенділік танытқан. Бұл алаңға келген жастардың қи­ратып-бүлдіруге және тәртіп­сіз­дікке алдын-ала дайындалып келгенін дәлелдейді. Сол күнгі 12 сағат 50 минутта тәртіпсіздік жасаушылардың 70-ке жуығы Жаңаөзен қаласы әкім­дігінің ғимаратына басып кіріп, ондағы жиhаз бен оргтехниканы қиратуға, сондай-ақ кабинеттерді өртеуге кіріскен. Бұл уақытта өздерінің қызметтік бөлмелерінде шабуылға ұшыраған әкімдік қыз­меткерлерінің тағдыры белгісіз күйде қалған болатын, ал ғи­ма­раттың өзі өртке оранды. Басып алынған ғимаратта қалып қойған бейбіт тұрғындарды қорғау мақ­сатында құрылған полицияның жиынтық жасағына да түйдектете тас лақтырылып, тәртіпсіздік ту­ындатушылар тарапынан атыс қаруынан оқ атылған. Ескерту ретінде мылтық атыл­ғанына қарамай, бұзақы топтың полиция қызметкерлеріне қарсы шабуылды жалғастырғанын ескере отырып, күштеп басып алын­ған әкімдік және құқық қорғау органдары қызметкерлері сияқты бейбіт тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ қарудың бұзақылар қолына тү­суіне жол бермеу үшін полицейлер табельді қару қолдануға мәж­бүр болған. Қаланың медициналық мекемелеріне түрлі дене жарақатта­ры­мен барлығы 86 кісі жеткізілген, оның ішінде 6-уы полицейлер. Қаланың ауруханасына жеткізілген 10 адам қайтыс болды, 4 адам жан сақтау бөлімінде. Оқиға бол­ған жерді қарау кезінде «Сулпак» сауда үйін тонау және өртеу барысында мерт болған тағы бір адамның мәйіті табылғандығы туралы мәлімет алынды. Жаппай тәртіпсіздік фактісі бой­ынша қылмыстық істер қоз­ға­лып, жедел-тергеу тобына, бұған дейін айтылғандай, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов басшылық жасауда. Қолданылған шараларға қара­мастан, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырушылар мен оған қа­тысушылар заңға қарсы әрекет­те­рін жалғастырған, қалада қирату мен тонаушылық басталған. 2011 жылғы 16 желтоқсанда 17 сағат 00 минут шамасында жаппай тәр­тіпсіздіктерге қатысушылар «Өз­ен­­мұнайгаз» компаниясының ди­­ректоры К.Ешмановтың үйін, ал 19 сағат 00 минутта «Сулпак» сауда үйін өртеген. 2011 жылғы 16 желтоқсанда 23 сағат 00 минутта қала маңындағы Теңге кенті әкімдігінің ғимаратын өртеп жіберген. Жалпы, жаппай тәртіпсіздік­тер нәтижесінде 46 нысан то­налып, өртелген. Атап айтқанда, 8 банк нысаны (банкоматтар мен банктер), оның ішінде Халық банкі офисі мен «Альянс банк» фи­лиалы, 20 дүкен («Сулпак» сауда орталығы мен «Атлант» сауда үйі), 2 кафе, 1 нотариалдық кеңсе, 2 ломбард, 2 әкімдік (қала әкім­дігі мен Теңге кентінің әкімдігі), 1 фотосалон, 2 полиция бекеті, «Аруна» қонақ үйі, «Өзенмұ­най­газ» компаниясының ғимараты, 3 жеке меншік үй, 20-дан астам автокөлік өртелген және зақым­далған, сахна, киіз үйлер, музы­калық аппаратура және орталық алаңдағы жаңажылдық шырша жойылған. Тәртіпті қалпына келтіру үшін Жаңаөзен қаласына қарумен және арнайы техникамен жабдықтал­ған ішкі әскерлер мен поли­ция­ның қосымша құрылымдары тар­тылды. Барлық негізгі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандары күшейтілген күзетке алынды. Тонаушылыққа қатысқан адам­дарды ұстау мақсатында 2011 жыл­ғы 16 желтоқсанда 17 сағат 30 минутта арнайы құрылымдар аумақты тазарту бойынша опера­цияны бастады. Қазіргі кезге жаппай тәртіпсіздіктер мен тонауға қатысқан 70 адам ұсталған. Тәр­тіпсіздіктерге белсенді қатысу­шы­лары анықталып, оларды ұс­тау жөнінен шаралар қолдануда. Құқық қорғау органдары тәртіп­сіздіктерге белсенді қатысушылар мен ұйымдастырушылардың қыл­мыстық әрекеттерінің жолын кесу, анықтау мен жазалау және қалада қоғамдық тәртіпті толық қалпына келтіру жөнінен барлық қажетті шаралар қолдануда. Тергеу мүдделеріне зиян келтірмей жариялауға болатындай орын алған жағдайдың жаңа мән-жайлары анықталған кезде, олар бірден жұртшылыққа жеткізілетін болады. Өз кезегінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының Бас прокура­тура­сы Жаңаөзен қаласының және оның маңындағы аудандардың тұрғындарын заңдылықты сақтау­ға және арандатушылық мақсатта кейбір адамдар тарататын жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады, деп атап өтті ресми өкіл. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.