Өнер • 25 Шілде, 2018

Елордада «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалі өтеді

60 реткөрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан хор дирижерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Елорданың 20 жылдығы аясында ауқымды музыкалық жоба – «Астана – Әлем дауысы» халықаралық фестивалін ұйымдастыруда.

Қазан айының 10-11 күндері Астанаға бес континенттен жиналған әртүрлі діндер мен конфессияларды білдіретін 500 әртіс келеді. Бейбітшілік және Келісім сарайының сахнасында  тұңғыш  рет бірыңғай шығармашылық ырғағында соғыссыз және терроризмсіз бейбітшілік үшін ән айтылады.

Алдағы фестиваль «Діндердің көшбасшылары қауіпсіз әлем үшін» тақырыбына арналған дүниежүзілік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларының VI Съезді шеңберінде өтеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен ұйымдастырылған Съезд бейбітшілік, келісім және төзімділік орталығы ретінде Астана мәртебесін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Тыңдармандар әлемнің 20 елінен яғни, АҚШ, ОАР, Израиль, Мажарстан, Түркия, Болгария, Ресей, Беларусь Республикасы, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шри-Ланка, Индонезия, ҚҰР, және басқа елдерден келген өлең ұжымдарының өнерін тамашалай алады.

«Фестиваль аясында тыңдармандар музыканың әртүрлі жанрлары мен әртүрлі бағытымен таныса алады. Бір сөзбен айтқанда, сіздерді үлкен музыка мерекесі күтеді. Фестиваль әндері әртүрлі тілдерде орындалатынына қарамастан, адамдарға бір бірін жақсы түсінуге көмектесетініне сенімдімін», дейді жоба авторы Гүлмира Кұттыбадамова.

Бейбітшілікті қолдау үшін музыка мерекесі әлем деңгейіндегі дирижерлар мен атағы шыққан халықаралық сыйлықтардың лауреаты - композитор және орындаушы Амикаэла Гастон (АҚШ), дирижерлар - Габор Холлерунг (Мажарстан), Зимфира Полоз (Канада), ҚР еңбегі сіңген қайраткері Бейімбет Демеуов, Гүлмира Құттыбадамова және басқалардың қатысуымен өтеді.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар