Тарих • 26 Шілде, 2018

СҚО оқу­шы­лары Тараз құндылықтарымен танысты

290 реткөрсетілді

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының оқу­шы­лары Әулиеата өңірінде бо­лып, Жамбыл облысының киелі, мәдени нысандарын тамашалады.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді пай­далану және туған елдің мә­дениеті мен тарихын те­рең зерделеу мақсатында ұй­ым­­дастырылған рес­­­пуб-­ли­калық өлкетану ак­циясы аясында олар ХІ ғасырда салынған Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджа хатун жә­не Тектұрмас кесе­нелерін, со­нымен қатар «Көне Тараз» тарихи-мәде­ни орталығын, Жамбыл об­лыс­тық тарихи-өлкетану му­зей­ін, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументін, «Тараз Арена» спорт кешенін және жуырда қайта жаңғыртудан өткен «Жеңіс» саябағын аралап, көне шаһардың мәдени нысандарымен танысты.

Жамбыл облыстық бі­лім басқармасының мәлі­ме­­тінше, Қазақстан Рес­пуб­­ли­­касы Президенті Әкім­ші­лі­гінің Ішкі саясат бөлімі «Ру­хани жаңғыру» Орталық жо­балық кеңсесімен бірлесіп жаз­ғы демалыс уақытында аз қамтылған отбасылардан шық­қан, ата-ана­ларының қам­­қорлығынсыз қал­ған ба­ла­лардың, сондай-ақ республикалық және об­­лыс­тық олимпиадалар мен жарыстардың же­ңім­­паздарының Қазақ­стан­ның киелі нысандарына, со­ның ішінде Астана қа­ла­сы­на баруы жөнінде рес­пуб­ли­ка­лық өлкетану акция­сын жос­парлап, өңірлік деле­га­ция­лар­дың еліміздің облыс­т­а­ры мен қалаларының ки­елі орын­дарына бару кес­тесін бекіткен. Аталған кес­те­ге шілде айында Тараз сер­вис және технология кол­леджінің 25 студенті Сол­түстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласының мә­дени нысандарын тамаша­лап қайтқан болатын. Ал шіл­де айының соңғы апта­сында аталған облысқа өңір­ден тағы 45 мектеп оқу­шы­ла­ры мен колледж сту­де­нт­тері атта­нады деп жос­пар­лануда.

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан» 
Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:34

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Бүгін, 10:14

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • Бүгін, 09:52

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • Бүгін, 09:39

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • Бүгін, 09:27

Қызыл қырғын құрбандары

Тарих • Бүгін, 08:48

Би бейнелеген Шыңғысхан шындығы

Руханият • Бүгін, 08:38

Майдан тудырған сөз

Руханият • Бүгін, 08:37

Жарамсыз жолдардың жыры

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Ұқсас жаңалықтар