Кино • 26 Шілде, 2018

Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің түсірілімі басталғалы жатыр

231 реткөрсетілді

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Жеңімпаз» атты киножобаның қорғалымы өтті. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл отырыста фильмнің шығармашылық тобы атқарған жұмыстары туралы және түсірілімге дайын екенін жеткізді. Картинаның сценарий авторы әрі қоюшы режиссері  –  жүзден астам деректі фильмнің авторы Бақыт Қайырбеков.

Аталған спорттық драма Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.

- Бұл көркем фильм жанрында түсіргелі отырған менің алғашқы туындым. Картина 48 кг салмақтағы Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ – Жақсылық Үшкемпіров туралы. Ол  түрлі мемлекет дәрежесіндегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінсе де, спортшыға  халықаралық ареналарға шығуға мүмкіндік бермеген. Тек 1980 жылы ғана ол Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алып, әлемдік деңгейде өнерін көрсете алды. Фильм Оңтүстік Қазақстан ауылдарының бірінде дүниеге келген спортшының балалық шағынан бастап, бүкіл Кеңес одағы қошеметпен қарсы алған палуанның Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолын бейнелейді, -деді фильмнің режиссері Бақыт Қайырбеков.

Қатарында кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов, кинодраматург Смағұл Елубай бар «Қазақфильмнің» Эксперттік кеңес мүшелері алдында түсірілім тобы көрме ұйымдастырылды. Онда фильмде қолданылатын реквизиттер мен совет одағы дәуіріндегі спорттық костюмдер қойылған. Эксперттік кеңес алдында сөз алған фильмнің бас продюсері Тасболат Мерекенов түсірілімдер Өскемен, Талдықорған, Алматы және Алматы облысында өтетіндігін айтты. Сонымен қатар, кей сахналар Беларуссияда сахналатынын  хабарлады. Айта кетелік, фильмнің түсірілім жұмыстары шіледің 29-ы басталып, қыркүйектің соңына дейін жалғасады. 

- Жақында ғана Қытайда өткен ШҰЫ аясындағы кинофестивальде «Қазақфильм» мен «Беларусьфильм» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осы іс-шарадан соң, Минскіге түсірілім тобымен барып, ондағы спорт нысандарын, 80-ші жылдарды еске салатын қажетті реквизиттерді көріп қайттық. Минскіде 80-ші жылдардағы Мәскеуге ұқсайтын көшелер сақталған екен. Онда  заманауи жарнама, дүкендер мен мейрамханалар жоқ. Ондағы түсірілімдер тамыз айына белгіленген, - деп қосты режиссер.

Кастинг-директор Айжан Дүйсембаевның айтуынша биыл наурыз айында жарияланған республикалық кастингке 1000 астам жасөспірім мен жеткіншек қатысқан. Көптеген фото және видео сынақтан кейін басты рөлге Елнар Назарқұл мен Санұржан Сүлейменов бекітілген. Олар Жақсылық Үшкемпіріовтің бала кезі мен жеткіншек шағын сомдайды. Ал театр актері Олжас Сақ жігіт шағын ойнайтын болса, Қазақстанның Халық артисі, Жезқазған театрының актері Досжан Жанботаев 60- жастағы спортшының образын жасайды.

Эксперттік кеңес мүшелері жобаны қорғау барысында фильмге қатысты ойларын айтып, түсірілім тобына сәттілік тіледі. Атап айтар болсақ, Сатыбалды Нарымбетов: «Маған таңдаған актерлер ұнап отыр. Олар танымал емес. Жаңа актерлер. Бұл - картинаға шынайылық береді. Топ жақсы кино түсірсін деп тілеймін, өйткені Жақсылық Үшкемпіров кино кейіпкері болуға  лайықты тұлға».  Сатыбалды Нарымбетовтың сөзіне қосылған Смағұл Елубай былай деді: «Біз Жақсылық Үшкемпіровтың өмір жолын білеміз. Оның жеңімпаз екені де бізге анық. Десе де фильмнің соңына дейін оның жеңімпаз атанатыны белгісіз болуы тиіс. Түсірілім тобына толық сенім білдіре отырып, сәттілік тілеймін».

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Кеше

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Арыс балалары Бөбекте демалады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • 19 Шілде, 2019

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Әкімдерге бағаны халық беруі керек

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар