Қазақстан • 27 Шілде, 2018

Сыртқы істер министрлігінде «KAZENERGY» қызметі туралы брифинг өтті

413 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі және «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Қазақстанда акредиттелген дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізді.

Сыртқы істер министрлігінде «KAZENERGY» қызметі туралы брифинг өтті

Іс-шара барысында шетелдік әріптестер Қазақстанның мұнай-газ және энергетика саласындағы ағымдағы жағдайы, «KAZENERGY» Қауымдастығының қызметі және оның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығымен таныстырды.

ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабеков энергетикалық сектор ірі шетелдік инвесторлармен белсенді ынтымақтастық орнатып жатқан қазақстандық экономика үшін негізгілердің бірі болып табылатындығын атап өтті. Осыған орай, «KAZENERGY» қауымдастығының мемлекеттік және іскер секторлары арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын маңызды рөлі айтылды.

Дипломатиялық корпустың өкілдері «KAZENERGY» Қауымдастығының Бас директоры Әсет Мағауовтың елдің энергетикалық кешенінің егжей-тегжейлі көрінісі туралы баяндамасына ерекше қызығушылық танытты.

Осылайша, мұнай газ саласының барлық секторларында өсу байқалады. 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемі жылына 104 млн. тонна деңгейіне жетеді деп күтілуде. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген электр энергиясының көлемі 15,8%-ға өсті, Қазақстанда электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі 1%-дан астам құрады.

Ә. Мағауов жер қойнауын пайдалануға инвестицияларды ынталандыру мақсатында 2018 жылы «Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы кодекс» және жаңа «Салық кодексі» күшіне енгенін атап өтіп, заңнамалық базаға жеке назар аударды. Ә. Мағауов Экологиялық кодексті жетілдіру жөніндегі Қауымдастықтың күш-жігерлері туралы жеке айтып берді.

Сонымен қатар, брифинг барысында Қауымдастықтың Атқарушы директоры Талғат Қарашев қатысушыларды қазақстандық тараптың IRENA Жаңартылған энергия көздері халықаралық агенттігі, Халықаралық энергетика агенттігі, Дүниежүзілік мұнай кеңесі, Энергетикалық хартия және басқа да маңызды халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл барысымен таныстырды. Бұл тұрғыда Астанада өтуі жоспарланған жыл сайынғы Дүниежүзілік мұнай кеңесі, «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты даму үшін жаңа шешімдер» тақырыбындағы арнайы конференция және XII «KAZENERGY» Еуразиялық форумы сияқты ірі іс-шараларға назар аударылды.

Дипломатиялық корпус пен тиісті шетелдік өкілдер аталған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырылды.

Өткізілген пікірталас барысында Қауымдастық өкілі дипломатиялық корпусты «KAZENERGY»-дің институционалды нығаюы, оның мүшелерінің мүдделерін қорғауға бағытталған жаңа бастамалары туралы әңгімелеп берді.

Дипломатиялық корпус энергетикалық саладағы ағымдағы ахуал және қазақстандық мұнай өнімдері нарығының әлеуеттері туралы ақпаратқа қызығушылық танытты.